• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:46:23
Алматы
+35°

18 Наурыз, 2019 NEWS

50 мұсылманды өлтірген террорист: Еш өкінбеймін!

«Таррантаның қару-жарақ қолдануға заңды құқығы болған»

16 наурызда Крайстчёрчде аймақтық сотта теракт ұйымдастырды деп айыпталған үш күдіктінің ісі бойынша алағашқы тыңдау өтті. Қылмыстық іс бойынша алғашқы сот ісі бар-жоғы бір минут көлемінде тәмамдалған. Сот залында 49 адамның өмірін жалмаған Брентон Таррант болған іске еш өкінбейтінін айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі агенттігі. 

49 адамның өмірін қиған Жаңа-Зеландияның Крайстчёрч қаласындағы мешітте болған лаңкестік әрекетті  28 жастағы австралиялық - Брентон Тарранттың ұйымдастырғаны белгілі болды. Соған сәйкес  сенбі 16 наурызда Крайстчёрчтің аймақтық сотында алағашқы тыңдау өтті. "Deutsche Welle" басылымының ақпарына сәйкес екі қаруланған күзет қызметі Тарантаны сот залына қолына кісен салып кіргізген.

"The New Zealand Herald" басылымының ақпары бойынша Таррант «болған іске еш өкінбейтінін білдіріп, фотоға түсіру барысында ұлтшылдық нақыштағы әрекеттер жасаған». Осыдан кейін айыптыны тыңдау залынан оның қорғаушысына құлақ түрместен залдан шығарып жіберген.

Қылмыстық іс бойынша алғашқы сот ісі бар-жоғы бір минут көлемінде тәмамдалған. Келесі тыңдау 5 сәуірге жоспарланды.

Лаңкестік әрекеттен 49 бейбіт тұрғын бақилық болды

Лаңкестік әрекетті жасамай тұрып Таррант өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында 74 беттен тұратын манифест жариялаған, онда өзін ақ нәсілді адамдардың артықшылығы идеясын жақтайтын жанның бірі екенін алға тартып, Еуропада мұсылмандарға қарсы лаңкестік әрекетке баратынын да жайып салған екен.

Мұсылмандардың жұмадағы құлшылығында болған лаңкестік әрекеттің тергеу ісіне жауапты полиция комиссары Майк Буш қазіргі уақытта тағы бір лаңкестік әрекет орын алады деген күдік жоқ екенін, дегенмен тұрғындарды сақ болуға шақырды. Журналистердің екі лаңкестік әрекетті де бір адам жасады ма деген сұрағына жауап қайырған Буш істің ақ-қарасын ашып бере алмайтынын атап өтті. Мешіттегі атыстан кейін ұсталған тағы екі күдіктінің лаңкестік әрекетке қатысы бар-жоғы анықталуда.

«Таррантаның қару-жарақ қолдануға заңды құқығы болған»

Өз кезегінде Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джасинда Ардерн Тарранттың қару-жарақ ұстауға құқығының бар болғанын және заңды түрде бес қару-жараққа иелік еткенін атап өтті. Премьер-министр аталған лаңкестік әрекеттен кейін Жаңа Зеландияда қару-жарақты қолдануды шектейтін заң енгізілетініне уәде етті.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Жаңа Зеландия полициясының басшысы хабарлағандай, теракт болған жерде тағы бір қаза тапқан кісінің денесі табылды. Сонымен, барлығы 50 адам лаңкестіктің құрбаны болған. Ал зардап шеккендер саны – 50, олардың 36-сы ауруханада жатыр: 11 зардап шегуші ауыр халде.

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір