• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:16:16
Алматы
+35°

19 Сәуір, 2017 NEWS

5 жасар баласына «тату» жасатпақ болған ойы үшін ата-ана құқығынан айырыла ма?

Reddit әлеуметтік желісінің қолданушысы бес жасарға баласына «тату» салдырмақ болғаны үшін сынға ұшырады, деп хабарлайды

Reddit әлеуметтік желісінің қолданушысы бес жасарға баласына «тату» салдырмақ болғаны үшін сынға ұшырады, деп хабарлайды Қамшы АА.

Lenta.ru жариялаған материалда Reddit әлеуметтік желісінде әйел адам өзінің бес жасар баласына ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасты, махаббатты көрсететін суреттерді салдыру ойында бар екендігін айтқан. Және сол суреттерді баласының 6 жасқа толған туған күніне «тату» ретінде сыйламақ екен. Өз достарынан қандай салонға барып салдыруға болатынын сұраған.

Әлеуметтік желі қолданушылары оның бұл қылығын жаппай сынап, ата-ана құқығынан айыру керек деп пікір білдірген.  Сонымен қатар, көлік жүргізу куәлігін болмаса жұмысқа тұру құжаттарын жиған кезде алынатын психологиялық анықтаманы ата-ана болатын кезде де алу керек деген ой білдірген.

Кейбірі  әйелдің  үстінен анонимді түрде арыз жазған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір