• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 04:53:56
Алматы
+35°

11 Ақпан, 2019 NEWS

5 қыз тірідей жанып кеткен өрттің шығу себебі анықталды

Төтенше жағдайлар комитеті өрттің неден шыққанын айтты

Астана қаласында 4 ақпан күні болған жантүршігерлік оқиғаның себебі анықталды. Төтенше жағдайлар комитеті өрттің неден шыққанын айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Түтін шығатын мұржада ақау болып, өрт қауіпсіздігі дұрыс сақталмағандықтан сол түні үй өртеніп кеткен. Түтін шығатын жолдың жоғары бөлігі дұрыс істемегендіктен осындай ауыр оқиға орын алған. Бұл пештің жұмысына кері әсер етіп, өрттің шығуына түрткі болды. Түтіннің шығу жолы дұрыс жасалмағандықтан арты осындай қайғылы жағдайға алып келді. Үйдің төбесі өртеніп, ортасына құлап түскен», - дейді ТЖК қызметкері Жасұлан Ақтаев.

Ескерте кетейік, бес періштенің өліміне себепкер болған бұл оқиға халықтың арасында зор қоғамдық пікір туғызып, қазір жер-жерде көпбалалы аналармен атқарушы билік өкілдері кездесу өткізіп жатыр. 

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір