• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:27:55
Алматы
+35°

04 Ақпан, 2019 Әлеумет

«5 баланың өлімі сенің мойныңда, Мадина Әбілқасымова!»

"Өлген жас сәбилердің күлі сендердің мойындарыңда!"

Астанадағы үйлердің біріндегі өрттен бір отбасының 5 баласы түгелдей қайтыс болды. Олардың үлкені 12 жаста, кішісі жасқа да толмаған екен. Ал қайғылы оқиға кезде балалардың ата-анасы жұмыста болған екен. Балаларынан түгел айырылған отбасына бүкіл Қазақстан қайғырып көңіл айтады. Әрі «қайғылы оқиғаға кім жауапты?» деген сұраққа әркім жауап іздеп әлек. Осы тұста заңгер Айгүл Орынбек бар жауапкершілікті Еңбек және әлеуметті қорғау министрі Мадина Әбілқасымоваға артты. Күні кеше министр «көп балалы ата-аналар үшін 16 мың теңге жәрдемақы тым көп» деп жар салған болатын.

♦Көпбалалы ана: Жерге түсіңіз, Әбілқасымова ханым!

«Мадина Әбілқасымова, "16 мың жетеді!"- деп бүкіл әлемге жар салып едің! Бес баланың өлімі сенің мойныңда!
16 мың жетсе, байғұс ана түн ішінде жұмыс істеп несі бар?
Қу жетіспеушілік, «шырылдаған балаларға қайтсем, нан тауып берем» деп жүрген ана боталап қалды ау!
Бұл – бір ұлттың қасіреті! 
Әлеуметтік жағдайы жақсы, дамыған отыз елдің қатарына кірген рухани жаңғырған мемлекет көп балалы аналардың жағдайын жасай алмай отыр!
Шанель-манель киген министрлер, "қорқақ" үкімет шығыңдар көшеге, ауылдарға! Көріңдер халықтың жағдайын!
Сендер көрмей жүрген жоқсыңдар, сендер көріп жүріп көздеріңді тас қылып байлап алған көр соқырсыңдар!
Бейбітшілік заман, қауіпсіз елде бес бала отқа жанып кетіп отыр.
Өлген жас сәбилердің күлі сендердің мойындарыңда!», - деп ашынып жазды Айгүл Орынбек өзінің Фейсбуктегі парақшасына.

Қайғылы оқиға дүйсенбіге қараған түні болған. Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде орналасқан "времянкада" түнгі үште өрт шыққан. Көп ұзамай уақытша салынған баспананың шатыры қирапты. Тілсіз жау туралы хабар өрт сөндіру қызметіне 03.24 кезінде жеткен, өрт сөндірушілер жалынды бір сағаттан соң сөндірді. Жанып кеткен үйден 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары туған балалардың денесі табылған.

Олардың ата-анасы төтенше оқиға кезінде жұмыста болыпты.

Өрт аумағы – 30 шаршы метр, жалынды сөндіруге 17 өрт сөндіруші мен 5 көлік қатысқан, бұдан бөлек төтенше жағдайлар комитетінің орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағынан төрт адам мен бір көлік жұмылдырылған.

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір