• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 02:43:05
Алматы
+35°

Өрт салдарынан бес апалы-сіңлілі қаза болғаннан кейін алаяқтардың жұмысы жандана түсті  деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Астанада болған трагедия бүкіл елді есеңгіретіп тастады. Көптеген қазақстандық бірден бес баласынан айырылып қалған отбасыға көмектесуге асықты. Астана полициясы өрттен зардап шеккен отбасыға қаражат жинау кезінде алаяқтық жасалуы мүмкін екенін ескертті.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ақша аударуға болатын банк карталарының реквизиттері көрсетілген ақпарат тарағаны хабарланды.

"Қырағылық танытуды сұраймыз! Еш уақытта белгісіз адамдарға ақша жібермеңіз. Алаяқтардың құрбаны болмау үшін көмек қолын созғысы келетіндердің барлығын қаржыны ресми есепшотқа жіберуге шақырамыз", - деп хабарлады полиция департаменті.

Ведомстводағылар қазір қаза тапқан қыздардың анасы – Ситер Жанымгүл Амангелдіқызының атына ашылған бір ғана шот бар екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бір отбасындағы бес баланың өмірін жалмаған өрт Астанада Көктал-1 ауданында болды. Кеше апалы-сіңлілі қыздар жер қойнына тапсырылды, жаназаға мыңдаған астаналық келді.   

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір