• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:56:34
Алматы
+35°

29 Қыркүйек, 2018 Экономика

5 әлеуметтік бастама: 436,5 мың теңгелік шағын несие кімге және қалай беріледі?

436,5 мың теңгелік шағын несиені жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтитын тұрғындарға беріледі.

436,5 мың теңгелік шағын несиені жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтитын тұрғындарға беріледі.

2018 жылы Алматыда 436,4 мың теңгелік 150 шағын несиені жұмыссыздар мен қаладағы өзін-өзі жұмыспен қамтитын тұрғындарға беріледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Елбасының бес әлеуметтік бастамасындағы төртіншісі – шағын несиелерді берудің ауқымын кеңейту жоспарланды. 2018 жылы қосымша 20 млрд теңге бөлу әрі шағын несиелеудің жалпы сомасын 62 млрд теңгеге дейін көбейту қарастырылды. Нәтижесінде бұл бастамаға 14 мың адам қатыса алады, бұл көрсеткіш 2017 жылға қарағанда екі есеге артқан.

Қазіргі уақытта Алматыда өзін-өзі қамтамасыз ететін тұрғындар мен жұмыссыздар арасында кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарды жүргізудің мақсаты – шағын несиелерді беру. Бүгінгі күннің өзінде Жұмыспен қамту орталығына мегаполистің 29128 тұрғыны барған, олардың ішінде 11579-ы жұмыссыздар.

Оның үстіне 2017 жылы өзін-өзі қамтитындар мен Алматыдағы жұмыссыз тұрғындарға шағын несие беру 2017-2021 жылдардағы өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында басталған.

Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының дерегіне сүйенсек, былтыр шағын несиелеу үшін 1 006 миллион теіге бөлінген екен, сонымен қатар қосымша 2 015 миллион теңге әрі 43 жобаны іске асыру үшін 662 миллион теңге бөлінген. «Кәсіпкерліктің негіздері» курстарында 265 адам білім алды, олардың 10-ы ғана жеке кәсібін ашты.

Биыл жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететіндер үшін 150 шағын несие беру жоспарланды, осы мақсатта 436,4 мың теңге бөлінді, оның 335,1 мың теңгесі шағын несиелеуге кетсе, 101,3 мың теңгесі шағын несиелерге кепіл беру үшін жұмсалады.

Барлық мерзімді қоса есептегенде 2017-2018 жылдардағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін 148 жоба 2205 миллион теңгеге қаржыланды.

Жалпы, 2017 жылы өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы үшін 63 жоба 905 миллион теңгеге қаржыландырылған. Ағымдағы жылы 1,3 миллиард теңге көлеміндегі 85 шағын несие берілді.

«Бағдарламаны жүзеге асыруды бастағалы 2,2 миллиард теңге көлемінде 148 жоба қаржыландырылды. 465 жұмыс орны сақталып, жаңа 155 жұмыс орнын құру жоспарланды», - делінген құжат ведомствосында.

Агенттіктің мәліметіне сүйенсек, Алматы қаласындағы кәсіпкерлік потенциалдың әлеуеті зор. Статистикаға сүйенсек, қалада 271 794 шағын және орта бизнес тіркелген. Бұл 2017 жылға қарағанда 3,4 пайызға жоғары көрсеткіш. 2018 жылдың соңына дейін тағы 55 жобаны қаржыландыру жоспарда бар.

«Жұмыс келесі жылдары да жалғасатын болады, осылайша жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар белсенді түрде кәсіп ашып, өмірлік деңгейін жақсартуға мол мүмкіндік тумақ», - деп мәлімдеді Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері.

Басқарма дерегінде сүйенсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жұмыстары 2019 жылы да жалғасын табады, жастардың жеке іспен айналысып, кәсіп ашуларына үлкен мүмкіндік жасалады. Шағын несиелеу бағдарламасын 2019 жылы жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен 419,7 миллион теңге бөлу жоспарланды, ал қалалық бюджеттен бөлінетін қаржы мөлшері – 1 млрд теңге.

Бұдан бұрын Елбасы халыққа шағын несие беру бағдарламасын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарға ұсынылған ең тиімді жол екенін айтып өткен болатын.

«Биыл қазақстандықтарға берілетін шағын несие сомасын 2017 жылғымен салыстырғанда 20 миллиард теңгеге көбейтуді тапсырамын. Сонда оның жалпы сомасы жылына 62 миллиард теңгені құрайды», - деген Назарбаев кәсіп ашып, өзі ісін бастайтын жастардың саны артатынына сенімді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір