• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Мамыр, 04:47:35
Алматы
+35°

06 Маусым, 2019 NEWS

Қазақстанның «Жасыл көпір» бағдарламасы жаһандық экологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі

Ғалам қазір тазаруда десек, күрт қателескеніміз болар еді. Рас, экологиялық апат қаупі әлі төніп тұр. Мұндай қатерден ақыл-ой мен жанашырлық пен қоршаған ортаны қорғау ғана құтқарып қала алады.

Біз әлі айналаны таза ұстай алмаймыз. Бұл туралы қаншама рет айтылып, жазылып жатса да,  мәселе сол әлі түйінді күйінде қалып келеді.  Біз әлемді қалай құтқарамыз, қоршаған ортаны қалай ластамауға болады,  не істеу керек? Міне ол үшін «жасыл көпір» орнату қажет. Астана экономикалық форумында Нұрсұлтан Назарбаев экономикасы дамыған елдер мен дамушы мемлекеттер арасында «жасыл көпір» орнату қажеттігін бастама ретінде ұсынды.

Ал «Жасыл көпірдің» басты мақсаты не?  Оның не қажеттілігі мен маңызы бар? Бұл әлемнің дамыған елдеріндегі «жасыл экономиканы» ғаламға тарату, дамушы елдердің өндірісіне тәжірибе ретінде ұсыну. Сонымен қатар, экология мен «жасыл экономикаға» қатысты  халықаралық ұйымдардың белсенділігін арттыру.

Айта кету керек, Астанада 2010 жылы  Назарбаевтың тарапынан көтерілген бастама Азия және Тынық мұхит елде­рінің қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 6-конференциясында қабылданды.

Жалпы ТМД елдерінің ішінде алғаш рет «жасыл экономика»    бағдарламасы тұңғыш рет Қазақстанда көтеріліп, біздің елімізде жүзеге асырыла бастады. Нақты айтар болсақ, 2007 жылы Елбасы Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-сессиясында  осы мәселені алға тартқан. Бұл бастаманы  «Рио+20» БҰҰ саммитінде ортаға салуды ұсынды. Бұл «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасына ұласты. Аталған ұсыныстың барлығы да «РИО+20» саммитінде мақұлданды. Ақырында Қазақстанның бастамасы құп алынып, біздің еліміз «Жасыл көпір» бағдарламасын әзірледі.

Ал аталған бастама немесе ұсыныс Қазақстанға не берді?

  1. Оның жасампаз бағдарлама екендігін әлем бірден мойындады және көп талқыланбай құп алынды.
  2. Аталған бағдарлама осы саладағы халықаралық әріптестікті бұрынғыдан да нығайтты.
  3. Тығыз ынтымақтастық орнатуға септігін тигізді.
  4. «Жасыл көпір» бағдарламасы Еуропа, Азия және Тынық мұхиты мемлекеттерінің арасындағы ынтымақты күшейтті.
  5. Сонымен қатар, «Жасыл көпір» осы аймақтағы бағдарламалардың да тиімділігін арттырды.

Расын айту керек, қазір әлем экологиялық проблемаларға толы. Оны кез келген ел жеке дара шеше алмайды. Түйткілді мәселелер өте көп. Трансшекаралық өзендердің өзінде шешілмеген жайттар бар. Сондықтан бас қосып, келелі мәселелерді талқылаған абзал. Бұл орайда Елбасы, Тұңғыш президентіміз Назарбаевтың бастамалары қашан да өміршең. Мәселенің ылғи алдын алып, ғаламдық проблемаларды шешудің жолын ұсынатын Елбасының ұсынысы баянды болуы үшін ең алдымен халықаралық мінберде бұл мәселе жиі талқылануы тиіс. Солай болды да. Бұл біріккен күш-жігерді қажет етеді.

48 ел мен 15 халықаралық ұйымның өкілдері қатысқан VII жалпыеуропалық министрлер конференциясы Назарбаевтың «жасыл көпір» бағдарламасын  қолдады. Бұл экологиялық түйінді шешудің басты кілті болып табылады. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысының орынбасары Ян Кубиш осылай деп пікірін білдірді.

Осы жерде айта кететін бір жайт бар: Қазақстан неге бүкіл әлемге «Жасыл көпір» бағдарламасын ұсынды? Мұның себебі неде?

Біріншіден, Қазақстанда шығатын өнімдер экологиялық жағынан таза.

Екіншіден, отандық  өнімдердің халықаралық нарықта сұранысы жоғары. Үшіншіден, әсіресе, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс үлкен.

Төртіншіден, Қазақстандағы ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің 90 пайызы әртүрлі химиялық дәрілермен уланбаған.

Бесіншіден, осы айтылған  себептер Қазақстанның халықаралық нарықта өміршең бастама көтеруіне үлкен мүмкіндік береді

Алтыншыдан, азық-түлік өнімдерін адам баласы кең тұтынатын болғандықтан және оған сұраныс күн сайын өсіп бара жатқандықтан таза өнім шығару өзекті мәселеге айналып отыр. Тек осы орайда таза өнім өндіріп жатқан шаруа мен диқандарға және фермерлерге жаңа технологиялар әперуге қолқабыс жасау қажет. Әрине, жаңа техниканы сатып алуға жеке диқандардың  қаржысы жете бермейтіні ақиқат. Сондықтан оған мемлекет жәрдемдеседі. Негізі экологиялық жағынан таза тиімді технологиялардың болуы экономиканың өсуіне де ықпалын тигізеді.  

Сондық тан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Жасыл көпір» нақты айтқанда, әлем елдерінің серіктестік ынтымақтастығын бұрынғыдан да нығайтады. Өйткені ғалам үшін проблема ортақ, ол –экологиялық жағдай. Сондықтан да «Жасыл көпір» әлемдегі алпауыт елдердің экологиялық түйткілдерді шешудегі озық тәжірибесін жинақтап, дамушы елдерге ұсынады.

Рас экологиялық қауіп-қатер әлі сейілген жоқ. Ол барған сайын көкейкесті бола түсуде. Сондықтан да 2010 жылы бастама ретінде көтеріп, 2011 жылы Санк - Петербургте өткен ІV Нева экологиялық конгресінде «Жасыл көпір» бағдарламасын жұртшылыққа терең түрде таныстырып, мақұлдатқан Қазақстанның қадамы қашан да құптауға тұрарлық.

Еркін Қалдан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір