• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 14:31:01
Алматы
+35°

10 Шілде, 2019

Арыстағы шеруде "сақалдылар" кімді сабады?

Айгүл Орынбек өзінің Арыс қаласының тұрғыны екенін, алайда наразылықты бастап жүргендердің арасында арыстықтардың өте аз екенін жеткізді

 

Бұған дейін Алматыда қыздарды ақшаға шешіндірген блогер Айжан Байзақованың клубын өртейміз деп бір топ сақалды жиналып, шу шығарған болатын. Блогер әрі заңгер Айгүл Орынбек Шымкенттегі арыстықтардың митингісінде журналистерді сақалдылар сабағанын айтады. Бұл туралы ол SN.kz ақпараттық порталына берген сұхбатында айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, митингіде тапсырмамен келіп, халықты қылмысқа үгіттеп жүрген арнайы топ бар. 

"25 маусым күні "Vlast.kz" журналистерін ұрып, камераларын сындырды. Мен де сол жерде болғанмын. Тікелей эфир жүргізіп жатқан кезімде "бұл «Хабар" арнасының тілшісі, биліктің адамы" деп маған да қол көтерген", – деп бастады сөзін заңгер.

Айгүл Орынбек өзінің Арыс қаласының тұрғыны екенін, алайда наразылықты бастап жүргендердің арасында арыстықтардың өте аз екенін жеткізді. 

"Арыстықтар өте аз. Сосын ұрғандарды соңына дейін бақыладым. Олар мемлекеттік нөмірі 02 (Алматы) деген көлікке мініп кетті. 

Жалпы олар мешіт жанында 25 маусымнан бастап үгіт-насихат жүргізген. 27-сі күні арыстықтар осылардың айдап салуымен, ашу-ызамен наразылыққа шықты",  – дейді блогер. 

Діни ағымдар жайлы жиі мәселе көтеретін блогер үгітшілер деп атаған адамдардың бетпердесі әлі ашылмағанын айтады. 

"Елорда болсын, Арыстағы болсын, барлығында сақалдылар жүр ғой. 6-сы күні Шымкентте өткен митингіде менің телефонымды сындырған сақалды жігіттерді ұстапты",  – дейді ол. 

Қазір күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр екен. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір