• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:12:54
Алматы
+35°

09 Шілде, 2019 Ғылым-білім

Астаналық әйел докторлық диссертация жаздырамын деп 1,5 миллион теңгесінен айырылды

Алаяқ өзі талап еткен сомасын алғаннан соң телефонын өшіріп тастап, байланысқа шықпай қойыпты.

Астаналық әйел докторлық диссертация жаздырамын деп 1,5 миллион теңгесінен айырылған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Кейінгі уақытта интернетті ашып қалсаңыз реферат, курстық жұмыстан бастап, докторлық диссертацияға дейін жазып беремін деген жарналамарды көруге болады. Осыған қарап, «ғылыми жұмыстардың бәрін басқа біреулер жазса онда мемлекеттің грантында оқып жүргендер не істейді? Бұдан кейін жалпы ғылым қалай дамиды? 

Ғылыми жұмысты, дипломды тапсырыспен жаздыру деген жаңалық емес. Интернетті ашып қалсаңыз ұсыныстар қаптап тұр. 

"Ешбір білім-ғылым саласына жоламай, айдалада жүретін адам көп. Ал сол диплом алу үшін, дәреже үшін оқып әрі қарай ол ғылыммен айналыспаса, мемлекеттің бөлген білім гранты, оған төлеген стипендиясы, шетелге шығарған тағылымдамаға бөлген ақшасы бәрі далаға кетті деген сөз", - дейді журналист, ұстаз Қуандық Шамахайұлы.    

Білім мен ғылым саласын бір кісідей білетін Сағдат Әділбеков көпшіліктің көкейіндегі күдіктің бекер еместігін растады. Иә, таныспен түсіп, ақшамен өтіп кететіндер бар екен. 
 
"Біреуді жалдап жаздырып жатады диссертацияларды. Бірақ ол тіптен керек емес нәрсе. Қазір антиплагиат деген нәрсе бар. Тексеруден өтеді. Соның өзінде айналып өтетін жолдары бар. Мысалы, әрпін ауыстыратын болса плагиат оны танымайды. Мүлде уникальный болып шыға келеді. Өзі жазғандай болып. Осындайды комиссия мүшелері білу керек, реттеу керек", - дейді саясаттану ғылымдарының кандидаты Сағдат Әділбеков.  

Әлбетте,  барлық магистр мен докторлар диссертациясын сатып алады деуден аулақпыз. Бірақ, проблеманы айтпасаң тағы болмайды. Жалпы, ғылыми дәрежені резюме үшін алып жатқандар көбейсе, ертең мамандардың арасында вакуум пайда болады. 

"Ең басты қателік мына ғылыми мамандарды таңдауда болып отыр. Мысалы, ЖОО оқитын студенттерді студент кезінен ғылымға бейімдеу керек.  Соның ішінде қабілеті бар, болашақта шын ғалым болады, ғылыми жаңалық аша алады деген жастарды ғана қолдауымыз керек.  Ал енді кім көрінген таныстарын әкеліп магистратура, докторантураға стипендия үшін сала беретін болса онда біздің ғылым болашақта тоқыраудың  ең үлкен шегіне жетеді", - дейді Қуандық Шамахайұлы. 

1,5 миллиондап танымайтын адамға беріп, сан соғып қалып жатқандар да бар. Ақыры заңсыз әрекетке барады екенсіз, алаяқтарға ұрынуыңыз мүмкін екенін біле жүріңіз.  Ал жаңағы «ғалымдарды» алдағандар ұсталса жаза күтеді. 

"Аталған әрекет ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабымен, яғни алаяқтық бойынша сараланады. Осы ретте алаяқ бабының бірінші бөліміне сәйкес мүлкі тәркіленіп, 1 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл  салуға,  не сол мөлшерде түзету жұмыстарына тартуға, не болмаса 600 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартуға, не екі жылға дейінгі мөлшерде бас бостандығын шектеуге,  не сол мерзімге бас бостандығын айыруға жазаланады", - дейді Айдос Шарипов. 

Отандық ғылымның бір проблемасы осындай жалған ғалымдардың әрекетінен және олардың қолы ұзын таныстарының кесірінен ақсап тұр. Бәлкім, жаңадан тағайындалған министр бұған назар аударар. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір