• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Мамыр, 19:46:01
Алматы
+35°

04 Шілде, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Ермекбаев қорғанысымыз мықты болмағанына кінәлісіңдер! Бейбіт халық снарядтар ұшқанда, аман қалу үшін бәрін тастап қашты.  Халық түгілі, отан қорғайтын сарбаздарың әскери постты тастап қашты.

Адам өлді, қаншама адам жараланып жаны ауырып жатыр.Үйлерге ұры түсіп, малы қырылып үй-күйсіз халық сенделіп қалды. Сіз осының бәрін көріп тұрып "бұл – табиғи апат, кешірім сұрауға негіз жоқ"-дегенсіз бе?

Бұл ешқандай да табиғи апат емес! Бұл сіздің қол астындағы қызметкерлеріңіздің немқұрайлылығынан болып отырған үлкен қылмыс!  Сізден бастап қару жарақ қоймасына жауапты бәрін трибуналмен қылмыстық жауапкершілікке тарту керек!

Бір емес, бес рет жарылуға жол беріп отырған шенділердің бәрін аямау керек! Халықтан кешірім сұрауға негіз жоқ па? Әлде намысыңыз жібермей отыр ма? Жапония императоры жер сілкінісі болғанда, табиғи апат үшін халқының алдында тізерлеп отырып кешірім сұрап отыр. Ал сіздер немесе сендер кімсіңдер, халық алдында бас имейтін?!

Айгүл Орынбектің фейсбук парақшасынан алынған

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір