• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 21:02:47
Алматы
+35°

04 Шілде, 2019 NEWS

BI Group басшысының 14 жастағы қызы ыдыс жуушы болып жұмыс істейді

Айдын Рахымбаевтың айтуынша, 14 жастан бастап жұмыс істеу - олардың әулеттегі дағдысы.

BI Group басшысы Айдын Рахымбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында асханада ұйықтап жатқан қызының суретін жариялады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл – менің қызым. Қазір өзге атпен, өзге текпен жұмысшыларға тамақ жасалатын асханада аспаздың көмекшісі болып жұмыс жасап жүр. Аспаздың өзі ыдыс жуып, картоп ашып жүрген қыздың кімнің баласы екенін білмейді. Сондықтан, екі аптадан бері оларды 12 сағаттық жұмыс режимімен жұмсауда. Таңертеңнен бастап 50 келі картоп, 14 келі пияз, 16 келі сәбіз аршу, басқа да нәрселер пісіруі қажет. Күніне 200-ден астам ыдыс жуу керек. Ұйқысы қанбай, шаршап жүр. Бірақ 14 жастан бастап жұмыс жасау - біздің әулеттің дағдысы.

Мен бұл туралы "әріптестерім біліп қойып, жұмыс жасатпай қояды" деп жазбай келгенмін. Бірақ екінші қызым Амина осы фотоны жібергенде, шыдай алмадым. "Ұйықтай алдың ба?" деп сұрап едім, "Қайдағы! Марал тәте ыдысты жуыңдар деп айқайлады!" деп жауап берді. 

...Әрине, балаларыма жаным ашиды. Бірақ осы істеген жұмысы кейін өмірлерінде үлкен көмек болады деп санаймын. Үш баламның тәжірибесі туралы кейінірек толық жазамын. Ұлым да басқа текпен 9 қабатта тас қалаушының бригадасында жұмыс жасап жүр", - делінген жазбада. 

Желі қолданушылары Айдын Рахымбаевқа алғыс айтып, балаларының еңбекқорлығына тәнті болғандарын жасырмады. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір