• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 06:49:15
Алматы
+35°

01 Шілде, 2019 NEWS

фото ©Шокан Алхабаев

Алматы тұрғыны жаңа әкім Бақытжан Сағынтаевқа Сейфуллин даңғылында тұратын жезөкшелерге қатысты шағым айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Айтайын дегенім, Сейфуллин көшесіндегі жезөкшелер туралы. Олар темір жол вокзалынан бастап тұрады. Қыздар өз қызметін ұсынудан қымсынбайды. Отбасыңмен, балаларыңмен бұл арадан өте алмайсың. Мен үшін бұл ұят жағдай. Полиция қызметкерлері де күресіп жатыр, бірақ нәтижесіз. Бұл жерде жүру өте ұят", - деді Түріксіб ауданының тұғыны Әділжан Разиев.

"Айтылды, бұйрық берілді. Мен оған (Алматы полиция басқармасының бастығының орынбасарын меңзеп - ред.) бірден іске кірісуді тапсырдым. Егер нәтиже шықпаса, олар күресіп жатқан жоқ деген сөз. Яғни олардың өздерінің де бұл іске қатысы бар деп білемін. Міне - полиция басқармасының бастығының орынбасары. Ол дәл бүгіннен бастап іске кірісуі керек. Егер бүгін түнде, ертең, арғы күні осылай жалғаса беретін болса - маған дереу жазыңыздар. Мен барлық жерде тіркелгенмін. Маған жазыңыздар, ары қарай шешеміз", - деді Бақытжан Сағынтаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір