• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:06:44
Алматы
+35°

25 Маусым, 2019 NEWS

Арнайы шығарылым: Дәл қазір Арыс қаласында не болып жатыр?

Арысқа аттанған Qamshy.kz ақпарат агенттігінің қос тілшісі дәл қазір оқиға орынынан жедел ақпар беруде...

Оқиғаның ресми мәлімдемесі шыққан бойда Алматыдан Арысқа аттанған Qamshy.kz ақпарат агенттігінің қос тілшісі кеше ғана мыңдаған халықты әбігерге салған қаланың ішінде. Оқиға орынына журналистер қауымын бүгін түс қайта кіргізген. Оның өзінде жарылыс болған аймақтарды емес, қаланың ішін ғана аралауға рұқсат етіпті. 

Қолхат 

Журналистердің табандап тұрып алғанының арқасында ғана оқиға орынын көзбен көріп, таспаға тартып алу мүмкіндігі туды. Журналистердің барлығына төмендегідей мәтіндегі қолхат жазғызып, темір киім кигізіп, қауіпсіздік шараларын жасап барып рұқсат етті. 

1

Қазір Арыс қаласында мамыражай тіршілік орнаған. Адамдардың кіруіне тыйым салынса да, қазіргі уақытта төтенше жағдайлардың алдын алуға бөлінген қызметкерлер, әскери қызметкерлер қалада жүр. 

Мал қырылып жатыр

"Өрттің арасында қалған малдар саны өте көп, олардың басым бөлігі ірі қара. Барлығының құлағындағы сырғасы арқылы мекен-жайын анықтап егелеріне алып барып береміз. Егер анықталмаса онда бұл шаруамен облыс айналысады. Бізді қазір кіргізбей жатыр қалаға. Кеше түнде тығылып кіріп едік қуып шықты полициялар. Рұқсат қағаз бермей жатыр қолымызға",- дейді Сұлтан Жалғасов. 

2

3

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір