• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 15:51:01
Алматы
+35°

25 Маусым, 2019 NEWS

Арыстағы жарылыс салдарынан 19 тұрғын үй өртенді

"Қалада 23 өрт сөндіру техникасы жұмыс істеп жатыр, 19 тұрғын үйде және 9 шаруашылық ғимараттарда шыққан өрт сөндірілді, сондай-ақ 14 табиғи өрт шықты - бұл жазықтағы шөп", - деді министр Ерлан Тұрғымбаев

Sputnik Казахстан

Арыста болған жарылыстар салдарынан 19 тұрғын үй өртенді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев үкімет отырысында айтты.

"Қалада 23 өрт сөндіру техникасы жұмыс істеп жатыр, 19 тұрғын үйде және 9 шаруашылық ғимараттарда шыққан өрт сөндірілді, сондай-ақ 14 табиғи өрт шықты - бұл жазықтағы шөп", - деді министр Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысында. 

Қазіргі уақытта снарядтардың жарылуы мен ұшуына байланысты әскери бөлімшенің қоймаларында шыққан өртті сөндіру мүмкін болмай отыр екен.  Халықты эвакуациялау, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды. Жалпы саны 1,2 мыңнан аса адам. Айта кетейік, 24 маусымда Арыстағы әскери бөлімнің қоймасында бірнеше жарылыс болып, қала тұрғындары түгелімен эвакуацияланған болатын. Оқыс оқиға салдарынан 2 адам қаза тапты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір