• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:22:54
Алматы
+35°

21 Маусым, 2019 Саясат

Назарбаевтың өсиеті: "Қазақ дәл бүгінгідей өмірді ешқашан көрген жоқ, азат Отанымыздан айырылып қалмайық"

Тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен келгенін білмейтін жастар азат Отанынан айырылып қалатынын түсінбейді.

Алматыда Елбасының қатысуымен "Кемеңгерліктің 30 жылы" атты халықаралық конференция өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. 

30 жылдық

Ол конференцияда сөйлеген сөзінде еліміздің бірінші басшысы лауазымындағы бүкіл қызметі Қазақстанды дамытуға арналғанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік даму үдерісіне әсер ететін стратегиялық сын-қатерлердің бірнеше тобын атап көрсетті. Атап айтқанда, қарқынды әрі үздіксіз технологиялық толқын, кезекті индустриялық революцияға байланысты экономикалық парадигманың ауысуы, әлемдегі геосаяси жағдайдың өзгеруі, түрлі сипаттағы жаһандық деңгейдегі қақтығыс.

"Тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен келгенін зерттемейтін, білмейтін жастар бүгінгі еркін күнінен, азат Отанынан айырылып қалатынын түсіне бермейді.Мемлекет бұған жол бермеуі қажет. Бүкіл халық болып бірлікті, тыныштықты қолдау керек. Қазақ дәл бүгінгідей өмірді ешқашан көрген жоқ. Айырылып қалмайық. Менің еліме айтатын негізгі өсиетім осы. Ұлы Абайдың «біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең – істің бәрі бос» дегені де осы болар. Ұмытпайық. Халық пен Президент әрдайым бірге", - деді Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті құру жолындағы және егеменді елді қалыптастырудағы қиындықтар туралы айтты. Соның ішінде, Қазақстанның Тұңғыш Президенті тоқсаныншы жылдардың басында еліміздегі ұлттық экономиканың қирауына, этносаралық қақтығыстардың пайда болу қаупіне байланысты жағдай жөнінде айтты.

"Қазақстан демографиялық құлдырау шегінде тұрды. 1989 жылғы халық санағына сәйкес, байырғы халық – қазақтар 39 пайыз немесе 6,5 миллионнан сәл ғана астам адам болды. Сол кезеңдегі ауыр экономикалық ахуал халықтың Қазақстаннан көптеп көшіп кетуіне алып келді. Ол жылдары орташа өмір сүру жасы 5 жылға қысқарды, туу көрсеткіші бірден төмендеді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Менің аға буын өкілдеріне айтарым, сіздердің даналықтарыңыз жастардың дұрыс жолмен жүруіне, Отанды сүюіне, мемлекетті нығайтуына, Тәуелсіздікті қорғауына және жарқын болашақ үшін еңбек етуіне жәрдемін тигізуі тиіс. Орта буын өкілдеріне айтарым, сіздердің жинаған тәжірибелеріңіз – қиындықтарды еңсеру жолында бәрімізге көмегі тиетін баға жетпес капитал. Ал, жастарымызға айтарым, жақсы өмір сүрудің бір ғана жолы бар – ол еңбек ету. Еліміздің келешек жолын сіздер анықтайсыздар, – деді Елбасы.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір