• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:05:31
Алматы
+35°

Келген министр тілге тиіскен бе? 
Ақтоты ханым!
Мәдениетініміз порноға, спортымыз коррупцияға толып жатқанда, келіп термин теріп кеткенсіз бе?
Басқа жұмыс жоқ па?
Мәдениет пен спортта реформаны терминнен бастамай, анау сахнаға тырдай жалаңаш шығатын қыздарға тыйым салыңыз! Көгілдір экран бетін көру мүмкін емес, қазақ актрисалары төсекте жатып сүйісіп, аймаласу кадрлары өте көп. Сахна, көгілдір экран мәдениетін қолға алыңыз.
Ауыл-ауылда спорт мектептерін ашыңыз. Оларға ақша бөліңіз. Балалар өз ақшасымен дарыстарға қатысып жүр, жаттықтыру құралдарын да өз қаражаттарына алады. Ақшасы барлар ғана жарысқа бара алады. Осындай дүниелер іріңі шығып шіріп тұрғанда келіп "әнұран","сынып" сөздеріне тиіскеніңіз ұят болды. Қолында билігі жоқ, жай ғана уақыт өткізетін адам ғана келіп бірден тілге тиіседі. Сіз халық үшін емес, биліктің циркінде ойнайтын бір клоуны болып көріне бастадыңыз!

Айгүл Орынбектің фейсбук парақшасынан алынған

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір