• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:49:33
Алматы
+35°

21 Маусым, 2019 Спорт

Қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасын жеңді (видео)

Путинцева бұл жеңісімен тарихта қалады. Өйткені, ол - қазақстандық теннисшілердің арасынан алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасын ұтып отыр.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасы Наоми Осаканы (Жапония) жеңді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Путинцева Осаканы Ұлыбританияның Бримингем қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында 2-0 (6:2, 6:3) есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Қазақстандық теннисші ширек финалда Юлия Гëргеспен (Германия) ойнайды. 

Путинцева бұл жеңісімен тарихта қалады. Өйткені, ол - қазақстандық теннисшілердің арасынан алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасын ұтып отыр.

Юлия Путинцева 2012 жылдан бастап Қазақстан атынан ойнайды. Ол қазір WTA рейтингінде 43 орында келеді. Қазақсатндық теннисшілер арасында бірінші номер. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір