• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:24:47
Алматы
+35°
 
Оқушылар емтихан кезінде мына дұғаларды оқыса, Алланың қалауымен емтиханы жеңіл әрі нәтижелі болады.
 
Емтиханға кірер алдын мына дұға оқылады:
 
Мағынасы: "Раббым! Менің кіретін жерімді оңды қыл және шығатын жерімді де оңды қыл! Әрі маған өз қасыңнан жәрдем күшін нәсіп ет!". 
 
Емтиханға кіргеннен кейін, келіп-түскен сұрақтарға жауап бермес бұрын Мұса пайғамбардың мына дұғасын оқыса болады:
 
Мағынасы: «Уа, Жаратушы Ием! Менің көңілімді (немесе зейінімді) аш. Маған ісімді жеңілдет. Тілімдегі шырмауды шеш. Менің айтқаным оларға түсінікті болсын! 
 

"Әл Фатиха" сүресін үш рет оқыған соң, мына дұға оқылады:

"Аллахумма, ля сахля илля ма джа'альта-ху сахлян, ва Анта тадж'алю-ль-хазна иза ши'та сахлян!"

Аудармасы: "Иә Алла, Сен жеңілдеткен нәрседен жеңіл еш нәрсе жоқ, әрі  егер Сен қаласаң бұл ауыртпалықты да жеңілдете аласың!"

Екінші шарт - емтиханға жауаптылықпен  қарап, тиісті деңгейде дайындалу. Себебі  хадисте де: "Алдымен түйеңді байла, содан кейін барып Аллаға тәуекел ет" деп айтылған. Яғни, тек Аллаға ғана тәуекел етіп қоймай, әрекет те жасау керек.

Сонда да «талаптыға нұр жауар» демекші, емтиханның қаншалықты нәтижелі болатыны әркімнің өз дайындығына, ізденісіне қатысты екенін ұмытпау керек.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір