• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:46:29
Алматы
+35°

20 Маусым, 2019 Саясат

Путин Зеленский жайлы алғаш рет пікір білдірді

Аттасының бағытына мардымсыз сөз айтқан Путин елдің назарын аударды.

amp.hyser.com.ua

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин аттасы Зеленский жайында пікір білдіріп, елді күлкіге қарық қылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РиаНовости сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық Петербург экономикалық форумында РФ президенті Владимир Путин Украинадағы президенттік сайлау нәтижелерінде жеңіске жеткен  шоумен Владимир Зеленский жөнінде алғаш рет өз ойын білдірді.

  • “Тыңдаңыздар, мен бұл адамды танымаймын. Бір күні танысамыз деп үміттенемін. Бір білерім – ол жақсы актер және өзі жұмыс істеген аймақтағы мықты маман”, - деді ол.

Путиннің бұл сөзіне күлген залдағылар қол шапалақтады.

  • “Мен шын айтамын, ал сендер күлесіңдер”, - деп сөзін толықтырды Ресей президенті.

Ресейлік белсенді саясаткерлердің пікірінше, жақсы актер болу үшін өте талантты болу керек және талантын түрлендіріп отыруы қажет. Ал мемлекет ісімен айналысу үшін басқа қабілет қажет болады-мыс.

Аударған: Ақжібек Аралбек

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір