• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:51:52
Алматы
+35°

19 Маусым, 2019 Саясат

Қазақстан халқы Ассамблеясы: әлемде баламасы жоқ, құқықтық мәртебесі зор құрылым

Қазақстанда көп ұлт тұрады. Барлығы тату-тәтті, ынтымағы жарасып өмір сүріп жатыр. Ұлтараздық жоқ. Мұның барлығы ненің жемісі? Айта кетер болсақ, Қазақстан мемлекеті осындай ізгі, бауырмалдық саясат жүргізіп отыр. Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев болып табылатын Ассамблеяның мәртебесі зор.

 

Біздің Конституциямызда бәрі де атап көрсетілген. Елде конфессияаралық татулық пен келісім бар. Мемлекет дінге араласпайды, бірақ бәрі де заңдық жолмен жүзеге асуын қадағалап отырады.

Азаматтардың бәрі де тең құқылы. Ата Заң азаматтардың құқы мен бостандығына кепілдік береді. Бұл Конституцияда ғана емес, 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында да атап көрсетілген.

Ал ұлттық келісімді нығайтуда Ассамблеяның орны үлкен. Қазақстан зайырлы мемлекет. Қазіргі уақытта Ассамблея елдегі татулықтың үлгісіне айналды.

Ассамблеяның басты міндеті не? Ең алдымен,  мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыру, елімізде  қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету. Мұндай іргелі мәртебені әлемнің еш елінен таппайсыз. Тіпті Қазақстанның ассамблеясын «кіші БҰҰ» деп атағаны де белгілі. Көрші Ресей Қазақстандағы татулықты үлгі етіп, өздерінде  де Ассмблея құрды. Қазір Қазақстандағыдай жемісті еңбек етіп жатыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясын құру – бұл Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы. Оған арнайы мәртебе беру туралы Елбасының жарлығы да шықты. Кейіннен АтаЗаңға  өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына мәртебе берілді. Қазір парламентте Ассамблеяның 9 өкілі бар. Сөйтіп, Ассамблеяның саяси рөлі артты. 2008 жылы Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы заңға қол қойды. Бұған дейін әлемде мұндай ұйымның құқықтық баламасы болмаған. Қазір Ассамблея Қазақстандағы этносаралық келісімді, толеранттылықты және халық бірлігін

нығайтуға бар күшін жұмылдырып отыр. Мұнда республикамыздағы этномәдени бірлестіктер қызмет етеді. Аталған бірлестіктерге арнайы ғимарат берілген. Оларға мемлекет барынша қолдау көрсетуде. Этномәдени бірлестіктер де мемлекет саясатын қолдап, Елбасының тапсырмаларын тиянақты орындауда.

Ассамблея Қазақстанда тұратын барлық азаматтардың  құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көп көмек көрсетіп отырғанын ашық айтуымыз керек. Елде тілдік қысым көріп жатқан ешкім жоқ. Дәстүр өркендеп, әр диаспораның құқы сақталып отыр. Әлемде баламасы жоқ мұндай ұйымның іргелі жұмыстарын Қазақстан халқы да қолдайды. Құқықтық саясат тұжырымдамасында ұлтаралық татулық мәселесіне көп көңіл бөлінген. Бізде араз ұлт жоқ. Татулық бар жерле тірлік те дұрысталады. Еліміздегі саяси тұрақтылық – біздің ең басты байлығымыз. Еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазір Ассамблеяны басқарып отыр. Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқы берілген. Әрине бұл –зор мәртебе.

Ассамблеясының Мәжілістегі 9 депутаты барлық диасполардың мүддесін қорғайтынын атап өткен жөн.

Тағы айта кететін бір жайт, бізде  алғыс айту күні бар. Бұл –еліміздегі «Нұр Отан» партиясының құрылған күні.

–Бұл мейрамның терең мағынасы мен мәні бар. 1 наурыз жалпы көктемнің бірінші күні, бәрімізге де көңілді күн, қыстан шыққан күн. 1 наурыз сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан ізгіліктің мерекесі, Наурыз мейрамы аталып өтілетін шуақты айдың басы. Мұндай кезде адамдардың бір-біріне алғысын білдіріп, өздеріне жасаған жақсылықтарды еске алуы аса маңызды. Бұл жақсылықты бағалай білуге, оған жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Құндылықтардың қадіріне жете алған елдің келешегі кемел. Мен Алғыс айту күнін осындай мақсатпен белгіледім. -деді  Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Демек, Ассамблеядан бастау алған достық, ынтымақ, тату-тәтті, бірлік, мұның барлығы Қазақстанның әлем үлгі аларлық саясатының нәтижесі.

Автор: Жұлдыз Мұқанова

Author

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір