• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 13:14:37
+35°

20 Маусым, 2019

Азаттық тілшісінің Арал жайлы фильмі журналистер одағының жүлдесін алды

Асылхан Мамашұлына «Саяси шолу» номинациясы бойынша жүлде «Арал теңізінің қалыпқа келеріне сенетін авторлық позициясы үшін» берілген.

Азаттық радиосының тілшісі Асылхан Мамашұлының «Қария мен теңіз» фильмі Қазақстан журналистер одағының жүлдесіне ие болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ-тың дерегін негізге алып.

ҚазТАГ-тың жазуынша, Асылхан Мамашұлына «Саяси шолу» номинациясы бойынша жүлде «Арал теңізінің қалыпқа келеріне сенетін авторлық позициясы үшін» берілген.

Одақ жүлдесі 10 журналиске берілген. «Тілші қызметі» номинациясы бойынша жүлде - Informburo.kz журналисі Евгения Бодроваға, «Экономикалық шолу» номинациясы - «Егемен Қазақстан» газетінің Маңғыстау облысы бойынша тілшісі Гүлайым Шынтемірқызына, «Ізденіс материалы» жүлдесі – «Ақ Жайық» тілшісі Фархат Әбіловке, «Телевизиялық жұмыс» номинациясы – «Алау» телеарнасының журналисі Татьяна Морозға, «Журналистік зерттеу» жүлдесі «Спутник-Қазақстан» тілшісі Александр Мирогловға берілген.

Бұдан бөлек, «Зерттеу еңбегі» жүлдесін - «Қазақ үні» газеті бас редакторының орынбасары Зейнолла Абажан, «Ғылыми-танымдық еңбек» номинациясын - «Курсив» тілшісі Ирина Осипова, «Фотоеңбек» сыйлығын – «Қостанай жаңалықтары» газетінің фототілшісі Константин Вишниченко, «Интернет-жоба» жүлдесін Vlast.kz интернет-журналының бас директоры Вячеслав Абрамов алған.

Журналистер одағы мен «Ақ Жайық» газетінің Әбділдә Мұқашев атындағы бірлескен жүлдесі «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Лұқпан Ахмедияровке берілген. Қазақстан қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің фототілшісі Думан Құрманғалиев фототілші Рахымбай Ханәлі атындағы арнаулы сыйлықты алған.

Журналистерді марапаттау рәсімі 26 маусым күні 11.00-де «Еуразия» сауда орталығының баспасөз залында өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір