• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:07:20
Алматы
+35°

20 Маусым, 2019 Барлық аймақтар

Педофильдің құрбаны болған 16 жастағы қыз өз-өзіне қол салды

Баламды қорғай алмай қалдым. Сіздер бізді қалай қорлағанды білмейсіздер де. Қызым болған жағдайды баяндап бергенде, мен өзімді қалай сезінгенімді сіздерге айтып жеткізе алмаймын.

Педофильдің құрбаны болған 16 жастағы қыз өз-өзіне қол салды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасының дерегін негізге алып. Бойжеткеннің мұндай қадамға баруына өзін зорламақ болған жігітке қатысты қылмыстық істің тоқтатылуы себеп болған.  

16 жастағы қыз 9 маусымда суицид жасады. Үш күннен соң қайтыс болды. Содан бері қайғыдан қан жұтқан анасы күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған. Бәрі өткен жылдың қыркүйек айынан басталыпты. Қызын туған күнге шақырған 19-дағы таныс жігіті оны зорлауға әрекеттенген. Ең сорақысы, әлгі жігіт эстрадаға енді-енді қадам басып жатқан жас әнші көрінеді.

"Баламды қорғай алмай қалдым. Сіздер бізді қалай қорлағанды білмейсіздер де. Қызым болған жағдайды баяндап бергенде, мен өзімді қалай сезінгенімді сіздерге айтып жеткізе алмаймын. Сол жігіті қызымды жеделсатыға күштеп апарып, зорламақ болған. Бірақ, ол қарсыласып, ебін тауып қашып кеткен" , - деді марқұм қыздың анасы Әлия Оразбаева.

Бұл жағдайдан кейін жасөспірім үлкен күйзеліске ұшыраған. Анасының шағым түсірейік деген үнднеуіне ол "жамантты болмайық" деп қарсылық танытқан. Бірақ, баласының абыройын төкпек болған жігіттің ісіне шамданған анасы айтқанынан қайтпай қойған.

"Қылмыстық кодекстің 122-ші бабы бойынша іс қозғалды. Яғни, қыз бен жігіттің арасында бәрі өзара келісіммен болған дегенді меңзейді. Мұны қалай түсінуге болады? Қыз тергеушілерге берген түсініктемесінде оның уысынан сытылып шығу үшін қалай жанталасқанын айтып берген. Ал жігіт болса оны лифтіден шығармауға тырысқан" , - деді "Не молчи KZ" қоғамдық ұйымының жетекшісі Дина Смаилова.

Алайда оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс тым ұзаққа созылып, ақыр-соңы жабылып тынған. Істің жабылғанын естіп, әбден қорланып, жүйкесі сыр берген жасөспірім Алматы облысының аумағында өз-өзіне қол салған. Осыдан кейін аймақ полицейлері басқа бап бойынша істі қайта ашыпты.

"Кәмелеттік жасқа толмаған қыздың қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 105 бабына сәйкес, өз-өзін өлтіруге жеткізу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарымен, Іле аудандық полициясы айналысуда. Айта кету керек Алматы облыстық полиция департаменті осы тергеу ісін өз бақылауына алды" , - деді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір