• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:13:53
Алматы
+35°

КТК арнасының видеосынан

Жамбыл облысында тойдан шыққан жастар жол апатына ұшырады. Екі жеңіл көлік бетпе-бет соғылып, үш адам ажал құшты. Тағы екі жолаушы ауруханада хәл үстінде жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме бере отырып. 

Қайғылы жағдай Құлан ауылында болған. Басты көшенің бойымен жүйткіген «Меrcedes» қарсы бетке шығып кетіп, «Volkswagen Passat-қа» соғылған. Соққының жер жарған дауысынан қалың ұйқыдағы халық шошып ояныпты. Апаттың қаншалықты жойқын болғанын мына көріністерден аңғаруға болады. Екі техниканың бөлшектері әр жерде шашылып жатыр. Біреуінің спидометрі сағатына 140 км жылдамдықты көрсеткен бойда қатып қалған. Айта кетейік, жантүршігерлік апаттан екі көлік жүргізушісімен бір жолаушы қаза тапты. Тағы ауыр жараланған екі адам жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір осы дерекке қатысты тергеу амалдары жүруде.  Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы:

"Қайтыс болғана азаматтар 1995 жылы туылғандар. Екеуінде отбасы бар. Кәмілет жасына толмаған екі балалары бар. Азаматтардың ішімдік ішкен, ішпегендері сараптамадан кейін белгілі болады.",- дейді


 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір