• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:34:13
Алматы
+35°

19 Маусым, 2019 Саясат

Бауыржан Төлегенов: “Қартайған гвардия” Назарбаев заманымен бірге кетеді

Төлегенов айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев президент қызметінен кеткеннен кейін, оған қарсы тұрған оппозиция кетеді деп есептейді

Саясаттанушы Бауыржан Төлегенов айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев президент қызметінен кеткеннен кейін, оған қарсы тұрған оппозиция кетеді деп есептейді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі саясаттанушының Telegram парақшасына сілтеме жасап хабарлады.  

Оның ойынша, “қартайған гвардия” Назарбаевпен бірге кетеді.  

“Билікпен бірге транзитке оппозиция да кетеді. “Қартайған гвардия” Назарбаев заманымен бірге кетеді. Бұл өткен сайлаудың шыққан нәтиже. “Ноунеймдар” келеді. Жақсы әлде, жаман ба, оны уақыт көрсетеді. Бірақ жаңадан шыққан жастар мен көне оппозиция арасында ешқандай сабақтастық болмайды. “Ноунеймдар” үшін көне оппозиция моральдік авторитет болмайды. Өйткені, олар назарбаевтық Қазақстаннан қалған токсин”,- деді Төленов. 

Ол Игорь Мельцер сөзін еске түсірді: “Зря тыПетямечтаешь об уходе Назарбаева. Он – это и мы всепосле него и наше время закончится”. 

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 19-наурыз күні президент лауазымынан кететіні туралы хабарлаған еді.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір