• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 11:40:52
Алматы
+35°

Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 57 түлекке жоғарғы мектепті тәмамдау туралы аттестат тапсырды. Түлектер зияткерлік мектеп тарихында екінші рет ұшырылып отыр.

Салтанатты шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сакеев, қамқоршылар кеңесінің мүшелері, ата-аналар, мектеп әкімшілігі және мұғалімдер қатысты. мектеп

- Сіздерді мектеп бітірулеріңізбен құттықтаймын! Өздеріңіз таңдаған мамандықтың нағыз иесі болуларыңызға тілектеспін. Өмір бойы білім алудан жалықпаңыздар, - деді облыс әкімінің орынбасары Руслан Сакеев.

 Шара барысында облыс әкімінің орынбасары білім ордасын үздік тәмамдап, қорытынды жиынтық бағалауды сәтті тапсырып шыққан Нұрғайса Жақсыбекқызына «Алтын белгі» төсбелгісін  тақты. Ал Аида Зинурқызы, Фариза Шынжырова, Меруерт Бижанова қызыл аттестатқа ие болды. мектеп

Ақтаулық зияткерлер халықаралық білім аренасындағы жетекші университеттердің білім грантына да ие болып отыр. Мәселен, көптеген республикалық пәндік олимпиадалар жеңімпазы Арман Жұмахан «City University of Hong Kong» жоғарғы оқу орнына «Data science» мамандығы бойынша білім грантын жеңіп алды. Айта кету керек, бұл заман сұранысына ие жаңа мамандықтардың бірі.  12 «С» сыныбының түлегі Алуа Канаева Гонг-Конг политехникалық университетінің білім грантына ие болды. Ал қызыл аттестатқа алған Фариза Шынжырова Назарбаев Университетінде тегін оқуға шақырту алды. мектеп

Салтанатты шарада мектеп ұстаздары да сөз алып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

  • Зияткерлік мектептің түлектері жоғары көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Мысалы, IELTS халықаралық емтиханының нәтижесі бойынша,барлық түлектің ағылшын тілін меңгеру деңгейінің орташа балы 6,3. Көптеген түлектер еліміздегі жоғары оқу орындарын таңдап отыр, - дейді кәсіби бағдар беру бойынша кеңесшісі Сауле Алдабергенова.

 мектеп

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір