• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:20:31
Алматы
+35°

19 Маусым, 2019 NEWS

Тәрбиешіні кім тәрбиелейді: Бүлдіршінге қол көтерген маман жұмыстан қуылды (видео)

Қаланың білім басқармасы тәрбиешінің ісі үшін кешірім сұрайды. Сонымен қатар, тәрбиеші әдепті бұзғаны үшін және балалар мекемесінің 18.06.2019 жылдың № 25 бұйрығымен тәрбиеленушіге қол көтергені үшін жұмыстан қуылды.

kaz.tengrinews.kz

Атырауда бүлдіршінге қол көтергені үшін сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақшаның тәрбиешісі жұмыстан қуылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz мәліметін негізге ала отырып.

Осыған дейін баланы ұрып-соғып жатқан сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен еді. Желі қолданушылары жергілікті билік өкілдерінен мектепке дейінгі мекеменің қызметкеріне шара қолдануды сұрады.

Осыдан кейін видеоға қала әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері жауап берді.

"Қаланың білім басқармасы тәрбиешінің ісі үшін кешірім сұрайды. Сонымен қатар, тәрбиеші әдепті бұзғаны үшін және балалар мекемесінің 18.06.2019 жылдың № 25 бұйрығымен тәрбиеленушіге қол көтергені үшін жұмыстан қуылды. Қалалық білім басқармасы Атыраудың мектепке дейінгі мекемелерінің басшылары мен тәрбиешілеріне қызметтерін адал және қызметтік міндеттерін дұрыс атқару керек екенін ескертеді. Енді осындай оқиға қайталанатын болса мекеме қызметкерлері мен оның басшылығы қызметтен босатылады", - делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір