• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:20:54
Алматы
+35°

19 Маусым, 2019 Оқиғалар

Өскеменде көпқабатты үй өртенді: қанша адам зардап шекті?

Құтқарылған алты адамның екеуі оныншы қабаттан автосатымен түскен. Алтаудың біреуі - бала.

elorda.info

Өскемен қаласындағы он қабатты үйдің өртенуі салдарынан 6 адам құтқарылып, 26 адам залалсыздандырылған. Өрттің шығуына электр сымдарының өртенуі себеп болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Kazakhstan Today сайтына сілтеме жасап.

"18-маусым күні сағат 21:45-те 101 пультіне Өскемен қаласындағы Өтепов көшесінің бойында орналасқан он қабатты үйдің өртке оранғаны туралы хабар келіп түсті. Бірінші өрт сөндіру қызметкерлері сағат 21:51-де жеткен. сол кезде қызметкерлер үшінші және сегізінші қабаттар арасындағы электр шахталарынан өрт шығып жатқанын байқады", - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер ең алдымен 26 адамды залалсыздандырды. Оның 8-і балалар. 6 адам, оның ішінде біреуі бала, қызметкерлер көмегімен құтқарылды. Екеуі оныншы қабаттан автобаспалдақпен түсірілсе, қалғандары үй ішіндегі сатымен түскен.

Қолданған шаралардың оң нәтиже беруінің арқасында қызметкерлер он қабатты шарпыған жалынды 22:26 шамасында ауыздықтады.

Өртті сөндіруге ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір