• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:28:48
Алматы
+35°

18 Маусым, 2019 NEWS

Мұрат Құсайыновтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Мұрат Құсайынов 378-баптың 1-тармағы бойынша "Билік өкілін балағаттағаны" үшін айыпты. Атақшы әншіге қатысты сот отырысы 20 маусымға белгіленген.

ernur.kz

Атақты "Дос-Мұқасан" ансамблінің солисті әрі жетекшісі Мұрат Құсайыновтың үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Мұрат Құсайынов 378-баптың 1-тармағы бойынша "Билік өкілін балағаттағаны" үшін айыпты деп танылды. Атақшы әншіге қатысты сот отырысы 20 маусымға белгіленген. Сот ісі Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл аудандық №2 сотында өтеді.

Естерңізге сала кетейік, әншінің қатысуымен болған оқыс оқиға 14-сәуір күні "Нұр-Сұлтан – Алматы" бағытына қатынайтын КС 852 ұшағында орын алған. Ұшаққа отырғызу барысында Мұрат Құсайынов қатты сөйлеп, бейәдеп сөздер айтқан. Әншінің әдептен аттап тұрғаны үшін әуе компаниясының қызметкері оны ұшаққа отырғызудан бас тартады. Сол кезде белгілі әнші оның жағынан қатты соққы жасап, денсаулығына зиян келтірген-мыс.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір