• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:30:28
Алматы
+35°

18 Маусым, 2019

"Олар — рухани кедейлер": Ресейлік танымал дінтанушы қазақстандықтарды сынға алды (видео)

Сондай-ақ ресейлік дінтанушы жақын арада ереуілге шығатын қазақстандықтардың саны азаяды деп үміттенетінін айтты. 

Ресейдегі танымал мұсылман, дінтанушы Шамиль Аляутдинов Қазақстандағы ереуілдер туралы пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 16 маусымда өзінің әйелімен Нұр-Сұлтанда семинар өткізді. 

"Мен ереуілдер болып жатқанын естіген кезде бірнеше маңызды пікір айттым. Әр адам өзін бағалай білуі керек. Билікте отырғандарға күйе жағып, барлығын кінәлауды доғару керек. Кез келген өзгерістің жоғарыдан емес, төменнен басталатынын түсіну керек. Сондай-ақ өзгеріс бас көтерулер мен ереуілдер арқылы шешуге болмайды. Ештеңе өмір бақи бір орында қалмайтыны белгілі. Өзгеріс біздің күнделікті өмірімізден, жақсы әдет қалыптастырудан бастау алады", дейді ресейлік дінтанушы. 

"Ереуілге шығып айғайға басқандар, кейін өзінің сырасын немесе шырынын ішіп, темекісін шегеді. Тіпті кейбірі "мені қайдан көрсетіп жатыр екен" деп теледидардың алдында, жұмыссыз отырады. Олар өзгере алмайды және ештеңені өзгерте алмайды. Тек ереуілдің болуына өз "үлесін" қосып, өзге адамдардың мақсатын орындауға көмектеседі. Ереуілде айғайлағандар — шын мәнінде рухани кедей. Олар басқаларды кінәлауды ғана біледі", - деп пікір білдірді Шамиль Аляутдинов. 

Сондай-ақ ресейлік дінтанушы жақын арада ереуілге шығатын қазақстандықтардың саны азаяды деп үміттенетінін айтты. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір