• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:02:56
Алматы
+35°

18 Маусым, 2019 NEWS

Университеттің экс-ректоры тұтқындалды. Неге?

Алматы қалалық соты күдіктінің өтінішін қанағаттандырмады.

Алматы қаласында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен тұтқындалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Диас Махамбетов өз сөзінде күдіктінің екі ай тергеу изоляторында қамауға алынатыны туралы айтты.

  • "Бақылауда ұстау мерзімі 29 мамыр мен 29-шілде аралығында есептеледі", - деді ол.

Шыныбеков біршама уақыт бұрын сотқа аппеляциялық шағым түсірген. Дегенмен, Алматы қалалық соты күдіктінің өтінішін қанағаттандырмады.

41 жастағы Шыныбеков экономика ғылымдарының докторы және Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ, 2009 жылдан бастап үстіміздегі жылдың күзіне дейін ІТ университетінің ректоры қызметін атқарған. 2017 жылы Алматы мәслихатының депутаты болып сайланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір