• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:21:19
Алматы
+35°

18 Маусым, 2019 Денсаулық

Мамандар дабыл қағады: "Микротолқынды пеш ұялы телефоннан да қауіпті!"

Бұл туралы арнайы зерттеу жүргізген елордадағы Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары дабыл қағуда.

Тәжірибе жасаған олар Оңтүстік Кореяда өндірілген техникалардың сәулелендіру деңгейі шектен тыс жоғары болғанын анықтаған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ол тек астың құнарын құртып қана қоймай, құрамын да өзгертетін көрінеді. Сондықтан, мамандар микротолқынды пештен барынша аулақ болуға кеңес береді. Пештің бұл түрі қандай дерттерге әкеп соқтыруы мүмкін.
 
Жапония 2020 жылдың соңына дейін микротолқынды пештен толық бас тартпақ. Себебі, асыққанда асты тез жылытатын, қажет десеңіз шұғыл тағам әзірлеуге болатын микротолқынды пеш адам ағзасына орасан зор қауіп төндіреді екен. Алайда, мұны бұқараның бірі білсе, екіншісі мүлде бейхабар. 

Жапондардың жарғақ құлақтарының жастыққа тимей зар қағуына себеп бар ма? Осыны білмек болып Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне жүгінген. Микротолқынды пештерді тексерген мамандардың сөзінше, бұл техника 10 сантиметр қашықтықта 10 микроватт/ см квадраттан артық сәулелендірумеуі тиіс. Алайда, кейбір пеш түрлері  61,3 микроватт/см квадрат сәуле шығаратыны белгілі болды. 

"Тәжірибе жасау уақытында әртүрлі маркалы 13 микротолқынды пешті қолдандық. Олардан арнайы өлшемдер алынды. Тексеріс кезінде Оңтүстік Кореяда өндірілген осы техника түрінің сәулелендіру диапазоны шекті нормадан 1,5-4 есеге дейін артық екені анықталды. Ал,10 және 50 сантиметр қашықтықта сәулелендіру мөлшері 10 мкВт/см квадратқа жетпейтін Еуропа мен Ресейде жасалған микротолқынды пештер әлдеқайда қауіпсіз екеніне көз жеткіздік", - дейді Қалалық Денсаулық сақтау департаментінің жетекшісі Сәдуақас Байғабулов. 

Микротолқынды пештен шығатын сәулелі толқындар жүрек, жүйке және эндокриндік жүйені зақымдайды. Ағзадағы сау жасушаларды сәулелендіріп, қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін дейді салалықтар. Алайда, сауда орталықтарында бұл тауар түрі толассыз сатылып жатыр. Бағасы 12 мыңнан басталатын техникаға сұраныс жыл сайын жоғары-дейді сатушылар.
 
Нұсқаулығы болса да, пештен келетін қауіп қапшығында көрсетілмейді екен. Пеш тұрмақ, шылымның сыртында зияндылық деңгейі көрсетіледі. Сондықтан, мамандардың "сақтықта қорлық жоқ" деген пікірде.

Сатушылардың сөзінше, микротолқынды пешті нұсқаулық бойынша 5 жастағы балаларға қолдануға рұқсат етілген. Алайда, мамандар бүлдіршін тұрмақ, ересектерге оның жанында тұруға болмайтынын айтады. Сондықтан, ең қолайлысы электрлік немесе газ пешті қолданған оңай дейді олар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір