• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:45:31
Алматы
+35°

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысына Үкіметтің әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қабылдаған шаралары  және бұрынырақ берілген тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды.

Қазақстан Президенті Премьер-Министрге шұғыл түрде Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды.

"Бұл саясат халықтың өмір сүру деңгейін арттыру тұрғысынан тиімді болуы керек. Сондықтан, ол нақты мұқтаж жандарға ғана бағытталуы шарт", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. Ол туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттер әлеуметтік желісінде де жариялады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір