• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:45:36
Алматы
+35°

17 Маусым, 2019 NEWS

Қостанайдағы жойқын жарылыстан неше адам зардап шекті? (видео)

Қостанайда Баймағамбетов пен Лермонтов көшелерінің қиылысында жарылыс болды

Nur.kz

Қостанайда Баймағамбетов пен Лермонтов көшелерінің қиылысында жарылыс болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews сайтына сілтеме бере отырып. 

Оқиға 17 маусымда 12:00 шамасында Қостанай қаласындағы Лермонтов көшесінің бойында орналасқан екіқабатты техникалық байқау станциясында табиғи газ құрылғысы жарылды. Кейбір мәліметтер бойынша, ТБС ғимаратына газ қондырғысы орнатылып жатқан. Ғимарат толығымен бұзылған, қирандылар жатқан жерде өрт шыққан. 

Оқиға салдарынан 7 адам зардап шекті, алтауы ауруханаға жеткізілді. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің біріне оқиға орнында көмек көрсетілді. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Газ бен электр сымдары ағытылды. Өрт сөндірушілер өртті 12:47-де толығымен сөндірді. 

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір