• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:13:04
Алматы
+35°

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов (5-1, 3 КО) кәсіби рингтегі кезекті кездесуін өткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz.сайтына сілтеме жасап.

Ол Мексиканың Тихуана қаласындағы бокс кеші аясында жергілікті спортшы Даниэл Армандо Валенсуэламен (36-37-2, 21 КО) жекпе-жек өткізді. 

Жекпе-жек алты раундқа есептелген, бірақ қазақстандық оны бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады. Бұл – Рахманқұловтың Мексикадағы алғашқы жекпе-жегі. Мұның алдында ол АҚШ-та жұдырықтасқан. Кәсіби деңгейдегі жалғыз жеңілісті қараша айында пуэрториколық Никлаус Фластан тапқан. Қазақстандықтың мүддесін танымал Василий Ломаченко мен Теренс Кроуфорд сияқты жұлдыздармен жұмыс істейтін Top Rank пен Боб Арум промоутерлік компаниясы қорғайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір