• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:21:02
+35°

15 Маусым, 2019 Спорт

Дәулет Тұрлыхановтың анасы өмірден озды

Батыр ана, Қазақ ССР Еңбек сіңірген ұстазы, ҚР Білім беру үздігі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері болған

Грек-рим күресінен әлем және еуропа чемпионы, Олимпиада ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Дәулет Тұрлыхановтың анасы Тұрлыxанова Марзия Айтбайқызы дүниеден өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы фейсбук парақшасында жазды.

"Ең жақын адамы - аналары Мәрзия Айтбайқызынан айырылған Тұрлыхановтар отбасына қайғырып көңіл айтамын. Дүниеге он бала әкеліп, тәрбиелеп өсірген, солардың ішінде грек-рим күресінен КСРО сегіз дүркін чемпионы, Әлем кубогының екі дүркін иегері, Олимпиада ойындарының жүлдегері Дәулет Тұрлыхановтың анасы мейірімді, парасатты тұлға еді.

Батыр ана, Қазақ ССР Еңбек сіңірген ұстазы, ҚР Білім беру үздігі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, дарынды балаларға арналған «Болашақ» мектебінің негізін қалаушы және директоры, нағыз Ұстаз Мәрзия Айтбайқызы бала тәрбиесінде өз басының үлгісі маңызды деп санайтын. Өзінің болашақ өмірлік жолдасы Болат Тұрлыханұлымен шаңғы жарысында танысып, кейін отбасын құрып, балаларын спорт пен тәртіпке баулып, бақытты ғұмыр кешті. Атақты қазақ күресшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Болат Тұрлыханұлымен Мәрзия Айтбайқызы о дүниеде кездеседі деп сенемін. Иманды болсын.

Қоштасу рәсімі 17 маусым күні сағат 10:00 «Достық» спорт сарайында өтеді. Мекен-жайы: Абай даңғылы, 48 А" делінген жазбада.

Qamshy.kz ақпарат агентігінің ұжымы Марзия Айтбайқызының отбасына және даңқты балуан Дәулет Болатұлы Тұрлыхановқа көңіл айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір