• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:59:38
Алматы
+35°

14 Маусым, 2019 Аймақтар

"Аманат": Жалған "бақылаушылар" сайлау нәтижелерін дискредитацияламақ болды

Жалпы, жиында сайлауға қатысты айтылған мәліметтердің рас-өтірігі белгісіз, ашық күйінде қалды.

Елімізде сайлау науқаны өтті. Оған қатысқан халықаралық сарапшылар өздерінің оң бағасын берді. Алайда, араға біп аптадай уақыт салып, сайлау науқанының әділ өтпеуін айтып, сайлауды қаралағысы келген бақылаушылар пайда болды.

Бір топ азамат адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның баспасөз орталығында өткен жиында өздерін «тәуелсіз бақылаушы» ретінде таныстырды. Айта кету керек, сайлау науқаны кезінде  біраз азаматтар  ресми бақылаушы мәртебесін растай алмаған еді.

«Тәуелсіз бақылаушылардың» айтуынша, сайлау науқаны әділетсіз өткен-мыс. Сөйте тұра жиналған қауымға берген мәліметтерінде бұрмалаушылық, бір-біріне сәйкес келмейтін сандар, жаңсақ ақпарат таратылды.

Мәселен, «бақылаушы» Серік Әбішев Алматыда 444 сайлау учаскесі бар және сол учаскелерде кандидат Қосановқа 48 пайыз сайлаушылар дауыс берген деп сендірді.

Алайда «Аманат» азаматтық платформасы штабының жетекшісі Қазбек Шайх спикерді бірнеше рет түзетіп, Алматыда ресми түрде 554 учаскенің болғанын және бұған дейін жарияланған Серік Әбішевтің мәліметтері бойынша кандидат Әміржан Қосановқа сайлаушылардың 38 пайызы дауыс бергенін мәлімдеді.

Қазбек Шайхтың айтуынша, егер қоғам өкілдері демократия туралы айтқысы келсе, олардың ой-пікірлері мен ұстанымдары дәйекті болуы тиіс.

"Маған бақылаушылар жиналысының өтетіні туралы баспасөз хабарламасы келді. Айтылған уақытында өтетін жеріне бардым. Алайда, бұл азаматтар менің келетінімді күтпеген. Өздерінің ғана мәлімдемелерін жасап, өзгенің пікіріне құлақ аспауға тырысты. Біздің тарапымыздан қойылған сұрақтарға жауап бермей, үзілді-кесілді қарсылық білдіруге тырысты. Жиналыс бітпей жатып, залдан шығып кетуімізді талап етті. Нәтижесінде сиясы өшіп қалатын қалам туралы баяндады. Бұл бейнежазбаның о баста дұрыс түсірілмегенін айтқым келеді. Кейбір сайлау учаскелерінде бюллетендер қап-қабымен жәшікке салынды деген ойлар айтылды. Ондай бейнежазбалардың қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз. Ол бюллетендер қай кандидатқа берілді. Ол да түсініксіз", – деді Қазбек Шайх.

«Аманат» азаматтық платформасы штабының тәуелсіз бақылаушысы Александр Белянов та өткізілген жиынның заңға қайшы келетін тұстары көп екенін жасырмады.

"Бақылаушылар жиыны өтетіні туралы хабарламаны мен де алдым. Пікір алмасу, сайлауға қорытынды жасалады деген үмітпен келдім. Алайда, аядай ғана тар бөлмеге тілші, блогер, бірқатар қоғам өкілдерін жинап алған. Аяқ алып жүру былай тұрсын, демалуға мүмкіндік жоқ. Ұйымдастырушылар  біздің жиналысқа қатыспай, дереу кетуімізді талап етті. Қарсылығымды білдіріп едім, тыңдаған да жоқ, шығарып жіберді", – дейді  Александр Белянов.

Оның айтуынша, жиында сөз алғандардың сөздері ұйқаспайды.

"Мәселен, бізді тәуелсіз бақылаушы ретінде қоғамдық ұйымдар сайлайды. Ал, бұлардың қайдан шыққаны белгісіз. Бастапқыда өзін Қосанов штабының жетекшісімін деп таныстырған Серік Әбішев кейіннен бұл лауазымнан сайлауға дейін кетіп қалғанын мәлімдеді. Тағы бір бақылаушы өзін қарапайым азамат деп таныстырды", – деп жалғастырды сөзін А.Белянов.

«Аманат» азаматтық платформасының өкілдері залдан шығарылған соң жиынды ұйымдастырушылар бұл азаматтардың сайлау кезінде өз міндеттерін дұрыс орындамағанын айтып, жала жапты.

Жалпы, жиында сайлауға қатысты айтылған мәліметтердің рас-өтірігі белгісіз, ашық күйінде қалды.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі жалған ақпарат таратқан әрбір азамат Қазақстан заңдарымен қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір