• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:47:06
Алматы
+35°

13 Маусым, 2019 Саясат

Марғұлан Сейсембай: Не істеу керек?

Соңғы күндері маған жиі қойылатын сұрақтардың бірі: "Не істеу керек?"

Соңғы күндері маған жиі қойылатын сұрақтардың бірі: "Не істеу керек?"

Көптеген адамдар маған: "Егер сіз мәселені алаңда шешуге қарсы болсаңыз, онда бізге өз жоспарыңызды ұсыныңыз! Әрі қарай не істейтінімізді айтыңыз!" - деп сұраныс білдірген.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қоғамда жинақталған наразылықты қайта күшпен қалпына келтіруге болмайтынын түсіне отырып, еліміздің одан әрі дамуы тұтастай қоғам мен билік арасындағы келісімге байланысты екенін біле отырып, мен мынадай қадамдарды дұрыс деп санаймын:

1. Билік пен қоғамның барлық топтарының өкілдері бірлесіп "отты тоқтату режимін" жариялау керек. Бұл мемлекет тарапынан белсенділерді қудаламау міндеттемесі, ал қоғам тарапынан бұл барлық қоғам қайраткерлерінің жағдайды ушықтырмау және митингтерге шықпау міндеттемесі.

2. Мемлекет тарапынан барлық партияларға, ресми және бейресми қоғамдық бірлестіктерге, қауымдастықтар мен қоғамдастықтарға өз талқылауларын, съездерін және "Саяси Жаңғырту жөніндегі Ұлттық Кеңесте" (СЖҰК) жұмыс істеу үшін өз өкілдерінің сайлауын өткізуге мүмкіндік беру.

3. "Саяси Жаңғырту жөніндегі Ұлттық Кеңесте" (СЖҰК) болу үшін әрбір өкілге кемінде 10 мың адам қолдау көрсетуі тиіс.

4. Өкілдер қолдау тауып, мандаттарды алған соң, мемлекет, "СЖҰК" жиналысын жариялап оның жұмысын бастау керек.

5. "Саяси Жаңғырту жөніндегі Ұлттық Кеңес" бірінші кезекте 2 айдан кешіктірмей "Сайлау туралы" заңының жаңа редакциясын талқылауы және ұсынуы тиіс.

6. "Сайлау туралы" заңының жаңа редакциясы бекітілгеннен кейін билік ҚР Парламентіне мерзімінен тыс сайлау жариялауы тиіс.

7. ҚР Парламенті жаңа "Cайлау туралы" заңына сәйкес сайланғаннан кейін "Саяси Жаңғырту жөніндегі Ұлттық Кеңес" өз жұмысын тоқтатуы тиіс. Әрі қарай елдің саяси жаңғырту мәселелерін қоғамның толық сеніміне ие болып жаңадан сайланған Парламент жалғастыруы тиiс.

P.S.
Барлық сенбейтiн адамдарға, билiк оған бармайды, билiк ондай мүмкiншiлiк бермейдi дейтiндерге сұрақ: Сiздер сонда не ұсынасыздар? Алаңға шығып ән айтуды ма? Жоқ үйде отырып сiздерге билiк қашан ондай мүмкiндiк берер екен деп күтудi ме? 
Билiк сiздiң талаптарыңызды орындау үшiн ол сiздердiң талаптарыңызды бiлу керек қой бiрiншi.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір