• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Мамыр, 15:20:48
Алматы
+35°

13 Маусым, 2019 Саясат

Қазақстанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылсын", - делінген құжатта.

Қазақстан президентінің әкімшілігі бір айлық мерзімде саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларымен, азаматтық сектор өкілдерімен кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі мәселелері бойынша консультациялар өткізуге, өткізілген консультациялар қорытындылары бойынша Қазақстан республикасы президентінің қарауына кеңестің құрамы мен кеңес туралы ережені енгізу тапсырылды.  

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі немен айналысады?

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президентін ұлықтау рәсімінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылатынын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы хабарлағандай, жаңа орган билік пен қоғам арасында диалог орнату үшін құрылады.

Кеңеске жастарды қоса алғанда барлық қоғам өкілдері кіреді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы 2019 жылдың тамызында өтеді деп жоспарланып отыр.  

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір