• USD 383.34
  • EUR 431.45
  • RUB 5.89
  • CNY 55.51

12 Маусым, 2019 Саясат

Тоқаев айтқан Қоғамдық келісім ұлттық кеңесіне кімдер кіргені дұрыс?

Жаңа президентті ұлықтау рәсімінде мемлекет басшысы елімізде жаңа органның құрылатыны туралы мәлімдеме жасады. Ол - Қоғамдық келісім ұлттық кеңесі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың инаугурациясы өтті. Президент қызметіне кіріскен ол ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде Қоғамдық келісім ұлттық кеңесін құру қажеттігін айтты.

Дұрыс. Қостаймыз. Бірақ аталған кеңестің мәртебесі қандай болуы керек? Оған кімдер кіргені дұрыс? Бұл – ең басты мәселе. Тағы оған Мәжіліс депутаттары мен  қартайған "қайраткерлер" кіре ме? Егер Ұлттық кеңесте сондайлар спектакль қойып, рөль ойнайтын болса, ондағы айтылған мәселелер ешқашан жүзеге аспайды. Мұндай кеңеске елдің мұң-мұқтажы мен  сөзін айтатын халық өкілдері енуі тиіс. Тамызда құрылатын кеңес шын мәнінде елдің сеніміне ие болуы қажет. Бұл кеңеске айтарын айтып болған бата бергіш шалдар мен коммунизм дәуірін көргендерді  мүлде кіргізуге  болмайды.

Ел жастары нені қалайды, орта буындағы азаматтардың көзқарасы қандай? Олар еліміздің дамуын болашақты қалай көргісі келеді? Мұның барлығы кеңесте ашық талқыланып қана қоймай, таяу болашақта жүзеге асуы қажет. Әйтпесе, бұған дейін Президенттің жанынан талай ұлттық комиссия құрылған. Бірақ ондағы мәселелердің жүзеге асқаны қайсы? Сондықтан бұл кеңесте халықтық өкілдердің, креативті жастардың көбірек болғаны жөн және талқыланған жайттардың жүйеленіп,  жүзеге асқаны дұрыс.

Мәмілегер саясаткер Президент Тоқаев айтқан сөзін орындайды және кеңесте талқыланатын халықтық  пікірге құлақ асады деп ойлаймыз.

Еркін Қалдан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

5 пікір

серікбай 12 Маусым, 2019

дұрыс өздерінің қамын ойлайтын кәрі депутаттар мен қолдарынан жемқорлықтан басқа түк келмейтін әкімдер мен министрлер болмауы керек

Гульнар 12 Маусым, 2019

Правильное мнение. В данное время возле Акимов постоянно ходят приближенных аксакалы, которые создают мнение акима о том или ином человек или получают его, как действовать. При этом они действуют в своих личных интересах: получить звание Почётного гражданина или попросить "тёплое" место для своих детей и тому подобное. Критики от них не услышишь- одни оды и восхваления. Это приводит к застою на местах. В такой обстановке талантам нет дороги. Сколько таких людей пострадало от таких"советчиков."

серікбай 12 Маусым, 2019

назарбаев кімді қояды сол болады қалғаны бәрі спектакль

Бақан 12 Маусым, 2019

Кеңес құрған дұрыс. Оған шорайақ жағымпаздарды жолатуға болмайды. Ақсақал керек пе айтайын: амангелді айталы, оразәлі сәбден, мәнбет қойгелді, толен әбдік, мұхтар шахан, тоқтар әубәкір, басқаларының жарасы жеңіл, айтбақшы бекболат тілеухан, қуаныш сұлтан сияқты депудаттар кіріп кетпесін, абайлаңдар!!

Мұқан 13 Маусым, 2019

Қ.Тоқаев шын ниетімен қазақтың қамын ойлайтын болса Сенат пен Парламентті қосып төрағасына Иманғали Тасмағамбетовты, үкімет басына М. Әблязовты, Кеңес мүшелігіне Аман Төлеев сияқты азаматтарды тарту керек.