• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:34:38
Алматы
+35°

12 Маусым, 2019 Саясат

Қазақстанда жаңа кеңес құрылмақ

Мемлекеттік басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қоғамдық органның құрылатыны жайлы құлаққағыс жасады.

Informburo.kz

 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан орталық концерт залында өткен жаңа президентті ұлықтау рәсімінде ант беріп, артынша сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мемлекеттік орган құрылатыны туралы айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Мен Қоғамдық келісім ұлттық кеңесін құруға шешім қабылдадым. Кеңес құрамына қоғамдағы барша таптың өкілдері, сонымен қатар, жастар кіреді. Жаңа органның алғашқы отырысы тамыз айына жоспарланған. Билік халық алдындағы уәдесін орындауы тиіс", - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, биліктің ең маңызды миссиясы – халық бірлігі мен елдегі тұрақтылықты сақтау.

"Халық бірлігін, елдегі тұрақтылықты осылай ғана нықтай аламыз. Сондықтан, менің сайлауалды бағдарламамдағы жоспарлар бойынша арнайы жобалар дайындалады. Оларды жүзеге асыруды де жеделдету керек. Халық тарапынан келген үздік идеялар, ұсыныстар осы құжатта көрініс таппақ. Түрлі пікір, біріккен ұлт – бұл біздің басты бағытымыз", - деп түйді сөзін жаңа президент.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір