• USD 383.34
  • EUR 431.45
  • RUB 5.89
  • CNY 55.51

12 Маусым, 2019 Әлеумет

Бақыт Жағыпарұлы: Арандап қалмаңыздар, бар қазағым – бір қазақ! (видео)

Сіз елге, жерге керексіз!

Белгілі журналист, айтыскер ақын Бақыт Жағыпарұлы наразылық шараларына қатысты азаматтарды араңдап қалмауға шақырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Біздің бар бақытымыз - Қазақстанның тәуелсіздігі, жеріміздің бүтіндігі. Ұрыс-керіс, дау-жанжалдан ештеңе өнбейді. Отан отбасынан басталады десек, әрқайсымыз өзімізді, отбасымызды ойласақ – ол Отанның болашағы. Сіз Отанның бөлшегісіз. Сіз елге, жерге керексіз. Отбасыңызға, бала-шағаңызға керексіз. Сіздің бұл қадамыңызды біреулер теріс жолға пайдаланып кетуі мүмкін. Қадірлі бауырлар, түрлі-түрлі ұйымдастырылып жатқан шерулерге бармауларыңызды өтінемін. Біздің тек қана жалғыз мақсатымыз – тәуелсіз Қазақстанның болашағы, бейбіт заманымыздың баянды болуы. Араңдап қалмаңыздар, бар қазағым – бір қазақ! Мен бәріңізді жақсы көремін, аман болайық!" - дейді видеоүндеуде.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір