• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:06:16
Алматы
+35°

12 Маусым, 2019 Саясат

Тоқаев: Азаматтарымыз банктен несие алуға мәжбүр

Миллионнан астам азаматымыз банктен несие алуға мәжбүр болды. Табысы жоғары және төмен азаматтардың арасындағы алшақтық - қоғамды мазалайтын тағы бір өзекті мәселе.

akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентін ұлықтау рәсіміндегі ресми мәлімдемесінде халықты толғандырып отырған мәлеселерді айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

–Халықты толғандырып отырған басты мәселе - табыс көлемінің азаюы. Халықаралық қаржы нарықтарының тұрақсыздығы, теңгенің девальвациясы халықтың табысына кері әсер етті. Миллионнан астам азаматымыз банктен несие алуға мәжбүр болды. Табысы жоғары және төмен азаматтардың арасындағы алшақтық - қоғамды мазалайтын тағы бір өзекті мәселе. Әрине, мұндай құбылыстар бүкіл әлемде бар. Дегенмен, тоқмейілсіп отыра беруге болмайды. Сондықтан, дәл осы өткір әлеуметтік, экономикалық және  саяси мәселені шешу, ортақ мерзімді кешенді шаралар  қабылдау қажет. Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл халі - көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі таза ауыз су мәселесін айтып өтті.

–Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа экологиялық кодекс қабылдау керек. Келесі өзекті мәселе - халықты сумен қамтамасыз ету. Таза ауыз су әрбір үйде, әрбір отбасыда болуы міндет. Тағы бір халықты мазалайтын маңызды мәселе - бұл жолдардың сапасы. Сол себепті автожолдардың жағдайын жақсарту - біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі, - деді Тоқаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір