• USD 383.34
  • EUR 431.45
  • RUB 5.89
  • CNY 55.51

12 Маусым, 2019 Саясат

Дос Көшім сайлаудан кейінгі алғашқы пікірін айтты (видео)

Дос Көшім: Сайлауда бақылаушыларға қысым көрсетілді

Сайлау кезінде Әміржан Қосановты қолдап, халыққа үгіт-насихат жүргізген Дос Көшім сайлаудан кейінгі алғашқы пікірін білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Дос Көшім сайлаудан кейін біршама уақыт елдегі жағдайлар жайында тіл қатпаған. Барлық заң бұзушылық пен әділетсіздікті талқылап ел алдына шыққан Досмұхаммед мырза:

«Әрине, қазір кеш шығар. Біз барлық материалды жинап шыққан соң ғана толық мәлімет беруге болады. Қазіргі таңда біздің көріп отырғанымыз бір ғана нәрсе, ол сайлаудың әділетсіз өткені.  Сайлау ашық, демократиялық түрде өткен жоқ. Бақылаушылардың құқығы бұзылды. Оларға қысым көрсетілді. 90 пайыз бақылаушыларды сағат 21:00 болмай жатып учаскеден қуа бастады. Біздің орталық штаб хаттамалардың тек 10%-ын ғана алды. Біз негізінде 70-80% бақылаушылардан жауап аламыз деп ойлағанбыз. Биліктегілер біздің хаттаманы алғанымызды қаламаған секілді. Бақылаушылардың қолында хаттама болмағанымен, Құдайға шүкір, қазір барлығында гаджет бар. Сол арқылы біз сайлаудың әділетсіз екенін дәлелдей аламыз. Біз қазір 10000-нан аса заң бұзушылықты тіркеп отырмыз. Менің білетінім, халықтың білетіні сайлау әділетсіз өтті.»,- деді.

"Сайлау әділ, ашық түрде өтеді" деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жайлы:

«Қасым-Жомарт Кемелұлы да Нұрсұлтан Назарбаевтың тобында болған адам, ол топ ішінде бұрыннан бар. Ол да осы авторитарлық жүйенің құрамында болған. Абыройлы жұмысы үшін халық Тоқаевпен бірге саяси реформа келетін шығар деп ойлады. Саяси реформа тек сайлау әділ өткен кезде ғана болады.»,- деді.

Сөзін толықтыра келе:

«Меніңше, халықаралық бақылаушылар өте аз. Олар топпен жұмыс жасап жатыр. Әрқайсысы 2-3 учаскені ғана тексере алды, ал қалған жерлерде барлығы ойына келгенін істеген шығар»,- деді Дос Көшім.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

4 пікір

Қалдықыз 12 Маусым, 2019

Е сатқын бізден хаттама сұрап, жинаған жоқсың ғой. Бүкіл ТО. Ақтөбе, Орал, Жамбыл, Қызылода штабтарының ешқайсысын жинаған жоқсың ғой. Өздеріңде тұра берсін деп. Мақтаралда Жетісайда басымызды бәйгеге тігіп 20% басымдықпен Қосановтың дауысын жинап бердік. Сенімді ақтамадың! ???Ролді жақсы ойнап шықтың Көшім. Енді сен де көшіп кет елден Қөшім. Шал әулеті шетелге қашуға дайындалып жатыр акцияларын сатып. Қосанов қара бет Будапештке қызына кетті сен де көш!!!

Mural 12 Маусым, 2019

Дос Көшім мырза, сіздің "ұлтшыл" Қосановың сайлаудың нәтижесі шықпай тұрып, біз учаскеде дауыстарды санап, әлі хаттама толтырып болмай жатып, Президентті құттықтағанына не дейсің

Mural 12 Маусым, 2019

Е сатқын бізден хаттама сұрап, жинаған жоқсың ғой. Бүкіл ТО. Ақтөбе, Орал, Жамбыл, Қызылода штабтарының ешқайсысын жинаған жоқсың ғой. Өздеріңде тұра берсін деп. Мақтаралда Жетісайда басымызды бәйгеге тігіп 20% басымдықпен Қосановтың дауысын жинап бердік. Сенімді ақтамадың! ???Ролді жақсы ойнап шықтың Көшім. Енді сен де көшіп кет елден Қөшім. Шал әулеті шетелге қашуға дайындалып жатыр акцияларын сатып. Қосанов қара бет Будапештке қызына кетті сен де көш!!!

Нұрлыбек Саматұлы 13 Маусым, 2019

Мен өзім бақылаушы болдым. Бізге қысым жасалған жоқ. Дауысты санап, хаттаманы толтырып, көшірмесін алып сағат 24-терде үйге қайттық. Бірақ сайлау нәтижесін ескерген билік көрінбеді. Сол әділетсіздік болды. Одан да масқарасы Әм. Қосанов сайлау нәтижесі шықпай жатып жеңілгенін мойындап қойды, иттік жасады. Енді келіп Дос не айтып отыр. Оттапты.