• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:33:45
Алматы
+35°

11 Маусым, 2019 Барлық аймақтар

Мемлекетті басқаратын бірінші тұлғаны сайлау қай елде болмасын аса жауапты іс ретінде қабылданады. Себебі ол адам сол елдің келешек дамуын анықтауда, экономикасы мен халықтың әл-ауқатын дамытуда асқан жауапты шешімдер қабылдайды, сол бағытта келелі жұмыстар атқарылуына бағыт-бағдар береді.

Халқымыз өз қалауын жасады, еліміздің Президенті болып көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткері Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланды. Мен мұны өте дұрыс шешім деп қабылдаймын. Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ халқынан шыққан шетелдерге танымал тұлға.

Қазақ елі қазіргі уақытта әлемдік кеңестікте өзіндік орны бар келелі мемлекеттердің бірі. Жаһандану заманында қандай болмасын елдің дамуы басқа мемлекеттермен тиімді жүргізілетін көпсалалы қатынастарға байланысты болады. Қасым-Жомарт Кемелұлының осы бағыттарды қазіргі уақытқа дейін жүргізілген істерді жаңа қарқында жүргізе алатынына халық мол сенім білдіреді.

Компаративист ғалым ретінде зерттеулер жүргізіп, өз жастарына сапалы орта білім беріп отырған 30 елді анықтадым. Ол елдер экономикасы қарқынды дамып отырған елдер болып шықты. Еліміздің тұрақтылығының, халықтың әл-ауқаты мен ел экономикасының қарқынды дамуының басты кепілі жастарға сапалы орта білім беру екенін айтқым келеді.  Осы ретте, жастарға қолдау көрсетіп отырған Президентіміздің  саясатын толық қолдаймын, сайлауда жеткен жеңісімен құттықтаймын.

 

Педагогикалық Ғылымдар  Академиясының басқарма төрағасы, Бүкілдүниежүзілік салыстырмалы білім беру қоғамдары кеңесінің атқарушы комитетінің мүшесі,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик

Асқарбек Құсайынов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір