• USD 383.34
  • EUR 431.45
  • RUB 5.89
  • CNY 55.51

11 Маусым, 2019 NEWS

Тоқаев Қазақстанның басты қауіптерінің бірін атады

Тоқаев: Қазір бастамасақ, кеш болады

Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықтың Қазақстанның басты қаупі екенін айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жемқорлық - оңай келетін, бірақ жоюға қиын зұлым. Біз бұл қоғамдық зұлыммен қоғам ретінде бірге күресуіміз керек. Қазір бастамасақ, кеш болады", - деді Тоқаев Ақордадағы баспасөз мәслихатында.

"Алпауыт империялардың жемқорлықтан құлағаны жайлы тарихта мысал көп. Бұл өте өзекті мәселе, тіпті ең дамыған мемлекеттерде бар. Бұл туралы біз әрдайым ашық айтамыз. Бізде жемқорлық үлкен проблема, қауіпсіздігімізге де үлкен қатер", - деді ол.

"Менің басты мақсаттарымның бірі - жемқорлықпен күресу. Мамырда бұл мәселе бойынша үлкен жиын өтті, нақты шаралар қабылдап, халықпен жұмыс істейміз", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

3 пікір

Yelepbay 11 Маусым, 2019

Прокуратурадан баста. Контрол ноль.өздері взяточник.Тараздың бывшии нач прокуроры Тайымбетовты бірінші очеред.

Қанатбек Досалиев.з.ғ.д., профессор.Шымкен қалалық ХДП"Ауыл"партиясы филиалының төрағасы. 12 Маусым, 2019

Жемқорлықпен күресті толық қолдаймыз.Мемлекетте Заң үстемдігін сөз жүзінде емес,шынайы іс жүзінде орнатқпнда ғана ол жүзеге асады.Яғни бұл жердегі негізгі принцип Заңның алдында Президенттен бастап қарапайым қоғам азаматының құқығы тең деген сөз."Балық басынан шіриді"деген сөз бар.Ашық шындықты айтсақ Ата заңымыз өрескел бұзылып,бір адамның мүддесі үшін өзгерістерге,толықтыруларға ұшырап жатса кім кінәлі.Корупцияны қолдан жасап жатқан жоқпа ел билігіндегі жүрген "ұлы тұлғалар".Биліктің үш саласы;заң шығарушы,сот билігі,атқарушы билік,барлығы корупцияға белшесінен батып отыр.Оны xалық,көріп,біліп отыр."Нұр Отан"партиясы xалық қолдамайтын партия екені ешкімге жасырын емес.Өйткені ол барлық сайлауларда әкімшілік ресурстарды пайдаланып,мемлекет қызметкерлерін заңсыз әрекеттерге салып заңдарды өрескел бұзуда.Нағыз жемқорлардың партиясына айналды.Алдағы Парламент,жергілікті маслиxат сайлауларында Нұр Отан партиясының "жеңіске"жеткізетін ұйымдасқан корупция болатынын бәрі біледі.Ұйымдасқан мемлекеттік корупциянерлермен корупцияға қарсы күрес ол абсурд.Осы күнге дейін оның имитациясын мемлекет басындағылар жасап келді.Халық оған сенуден қалды.Халықты бұл күреске жұмылдыру үшін менің ойымша мемлекетте бірнеше референдумдар өткізу керек.Бірінші;Ата заңымызға өзгерістер жасау қажет па?Екінші;Барлық деңгейдегі Әкімдер сайлану керек па?Үшінші мемлекеттегі банктердің манаполиясын тоқтату керек па?Мемлекетте Халықтық билік қалай болуы керек?

Токе 12 Маусым, 2019

Халыкпен емес анау касыныздагы министр, акимдермен жумыс iстенiз. Халыктын жемкорлыкка ешкандай катысы жок!!!