• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:11:23
Алматы
+35°

10 Маусым, 2019 Спорт

Алматылық өрендер әлемдік сайыста 20 медальді қанжығасына байлады

Әлемдік сайыста алматылық спортшылар 10 алтын, 5 күміс және 7 қола медальді қанжығасына байлаған.

Біріккен Араб Әмірлігінде бразильялық джиу-джитсудан балалар және жасөспірімдер арасында "Abu Dhabi World Jiu-Jitsu Championship 2019" әлем чемпионаты болып өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Джиу-джитсу сайысына қатысушылардың барлығы «Sagadat Batyr — QTT» атты клубының тәлімгерлері. Олардың арасында өткен турнирдің екі мәрте жеңімпазы атанған 12 жасар Жібек Құлымбетова, сондай-ақ 2018 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Алина Махамбет сияқты жеңімпаздары да бар.

"Сайыста әлемнің әр бұрышынан келген қатысушылар қазақстандық жастардың өнерлерін тамашалады. Біздің жеңімпаздарымыз жайында жергілікті басылымдар жарыса жазып жатыр. Бұл бізді қуантады. Бізбен серіктестік құрғысы келетіндерден ұсыныстарда жасалды. Менің тәлімгерлерім өздерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Мен бұған өте қатты қауанамын. Бұл бізідң клубымыздың жаттықтырушылары Самат Айппанбеттің, Диас Қанайбеков пен Елжан Жұмаділдің еңбектері деп айтуға болады. Қазіргі таңда елімізде джиу-джитсу жақсы дамып келеді. Осы спорт түрінде қазір көп көңіл бөлініп жатыр. Осындай нәтижеге қол жетікізіп жатқанымыз да сондықтан деп ойлаймын", - деді "Sagadat Batyr — QTT" клубының жетекшісі Нұрсұлтан Орынбасаров.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша «алтын» жүлдені қанжығасына байлағандар: Мағжан Марат, Әмина Қаухарбек, Әмір Баймухан, Малика Салимова, Балайим Кумар, Жибек Күлімбетова, Алина Махамбет, Арсен Жүнісов, Санжар Әбуканов «Күміс» жүлде иегерлері: Гамзат Шабанов, Вадим Фахрудинов, Таймас Салимов, Бексұлтан Мадами, Бекжан Жаманбай жеңіп алды. «Қола» жұлде иегерлері: Ерасыл Қабышұлы, Нариман Дауылбаев, Бекнұр Нұрлыбек, Ансар Нұртан, Абдулла Баятанов, Әлихан Жаманбай, Ғалымжан Мелесов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір