• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:30:42
Алматы
+35°

11 Маусым, 2019 NEWS

Энергетика министрі Бозымбаевтан кеңес: Үйдегі электр энергиясын қалай үнемдейміз?

Сөзіне сенсек, оның пәтеріндегі батареяларда температура көтерілгенде қуат беруді шектейтін құрылғы бар.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев үйінде электр энергиясын үнемдеп, қуатқа қыруар қаржы төлемейтінін айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Бас энергетик әзірге көпқабатты үйде тұрады. Егер жер үйге көшсе, баламалы қуат көздерін пайдаланбақ. Ал әзірше пәтеріндегі жарықты мейлінше аз қосуға тырысып жүр. Қазақстанда 5-10 жылда қуат тапшылығы туады деген болжам бар.

"Егер электр энергиясына келер болсақ, балалар түнде жатарда жарықты сөндіруге дағдыланған. Тоқты үнемдеу мәдениетін енгізуге тырысамыз. Пәтерде тұратындықтан, баламалы қуат көзі батареяларын орнатқан жоқпын. Бірақ жоспарда бар", - дейді Бозымбаев.

Қазір энергетика министрлігі аз масштабты қайта жаңғыртылатын қуат көздерін қолдауға қатысты заң жобасын даярлап жатыр. Сол кезде тек энергетика министрі емес, қарапайым халық та күн батареяларын оңай пайдалана алады.

"Ақшаны бүгінгі айтылғаннан да көбірек үнемдеуге болады. Аталған саланы субсидиялаудың да оңтайлы жолдарын қарастырамыз", - деді Қанат Бозымбаев.

"Біз әрине бәрін үнемдейміз. Тіпті, шығынымыз өте аз деп айтуға болады. Себебі, министрлік орналасқан ғимаратты үлкен деп айтуға келмейді. Қазір, жұмыс уақтылы аяқталатынын білесіздер. Сағат 18-30 дан кейін қызметкерлердің компьютерлері автоматты түрде сөнеді", - деді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір