• USD 383.34
  • EUR 431.45
  • RUB 5.89
  • CNY 55.51

10 Маусым, 2019 Саясат

Тоқаев журналистерге уәде берді: "Президент ретінде шешім шығарамын"

Бізде журналистердің мәртебесі туралы заң жоқ.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі Ақордадағы брифинг барысында журналистердің мәртебесіне қатысты пікірін білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Бізде журналистердің мәртебесі туралы заң жоқ. Біз ешқандай топқа жатпаймыз. Сол статус туралы заң қабылдауға өзіңіз мұрындық боласыз ба? Бұған көзқарасыңыз қандай?" - деген журналистердің сұрағына жауап берді.

"Бұл – өте өзекті мәселе. Мәселені жақсылап тұрып қарауымыз керек. Егер керек болатын болса, мен Үкіметке тиісті тапсырма беремін. Келешекте журналистердің мәртебесі туралы, егер қажет болатын болса, тиісті заңды қабылдаймыз. Я болмаса, мен өзім президент ретінде шешімімді шығарамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір