• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:28:12
Алматы
+35°

10 Маусым, 2019 Саясат

Құттықтаулар легі. Тоқаевты Путин мен Ердоған құттықтады

Ресей елшісі: Мен Сізді дауыс берушілер белсенді қатысқан сайлаудағы айқын жеңісіңізбен құттықтаймын. Бұл – таза жеңіс әрі халықтың Сізді Қазақстан Президенті ретінде таңдауының айқын дәлелі

Федеральное агентство новостей

Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоған өзінің және түрік халқының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.

Саяси тұрақтылық сабақтастығының маңызды көрсеткіші ретінде осы сайлаудың табысты аяқталғанына қуанышты екенін айтқан Түркия Президенті Қазақстанның алдағы дамуына сенім білдірді.

"Қазақстанның тыныштық пен тұрақтылық жолындағы қадамдарын одан әрі жалғастыра түсетініне және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қоса беретініне күмәнім жоқ. Халықтарымыз арасындағы тарихи және ежелгі достыққа негізделген Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мырзамен біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында жоғары деңгейге жетті. Осы орайда, елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды барлық салада одан әрі дамыту үшін жұмыс істеуге дайын екенімді атап өткім келеді", – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар,Ресей Федерациясының Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин Қасым-Жомарт Тоқаевқа президент сайлауындағы жеңісіне байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің құттықтауын жеткізді.

"Мен Сізді дауыс берушілер белсенді қатысқан сайлаудағы айқын жеңісіңізбен құттықтаймын. Бұл – таза жеңіс әрі халықтың Сізді Қазақстан Президенті ретінде таңдауының айқын дәлелі", – деді Ресей елшісі.

Сонымен қатар, Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын одан әрі тереңдету және екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығына қатысты мәселелер талқыланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір