• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

10 Маусым, 2019 Саясат

"Иә, мен Тоқаевтың жеңісін мойындадым": Қосанов өзін қолдаған азаматтардан кешірім сұрады

Кездесуге Президент сайлауында Қосановқа дауыс берген азаматтар жиналды.

Әміржан Қосанов Нұр-Сұлтанда журналистер мен сайлаушыларға пресс-конференция өткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Hola News сайтына сілтеме жасап. 

Қосановқа дауыс берген азаматтар сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтса, біршама азаматтың дауыс беру құқықтары бұзылған. 

Қосанов Тоқаевтың жеңісін мойындайтынын айтты. Оған қоса, ол бұл оппозияцияның үлкен жеңісі болды деген ойда.

"Иә, мен Тоқаевтың жеңісін мойындадым. Маған осы уақыт бойы насихат жұмыстарында көмектесіп келе жатқан әріптестеріммен де кеңестім. Мен шын мәнінде реалист бола отырып, мемлекеттік машинаны біле отырып, бүгінгі күні біздің мүмкіндіктерімізді қарай отырып, 15.9 пайызды мойындадым. Сондықтан кейінгі сайлауда биліктің өзіне ұят. Менен кейінгі кандидатты немесе партияны 6-9 пайызға төмендетуге жол берілмейді. Мен шамамен 15 пайыз дауыс жинадым. Бұған дейін мұндай сандар болған жоқ. 15% – бұл бірінші рет. Қазақстанның оппозияциясы үшін бұл-жеңіс! Кез-келген партиясыз, ресурстарсыз біз осындай нәтижелерге қол жеткіздік. Мен қазақ оппозициясындағы легитимизацияны көтердім. Менің ойымша, бұл үлкен психологиялық, саяси жеңіс",-деді Қосанов.

Сөз соңында Қосанов өзіне дауыс берген азаматтардан кешірім сұрады. Ол бұл нәтиженің үлкен жеңіс екенін атап өтті. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

8 пікір

нурсулу жакеновна 10 Маусым, 2019

Халкымды болашагы жаинда ойлау сезимин ояттын Оган сайлау куни кордим Отрик патриоттардан аулак болайык Елимде бари жаксы болады Сенем

алтай 10 Маусым, 2019

Косанов поп Гапон.

алтай 10 Маусым, 2019

Косанов - поп Гапон

Гүлшат 11 Маусым, 2019

Біз әулетімізбен дауысымызды қазіргі Призидентке бердік. Ә. Қосановқа ренжіп жүргенбіз елді дүрліктіріп жүр деп. Дегенмен, Қосанов -Ер екен өз жеңілісін мойындағаны дұрыс болды. Азаматтық жасады. Дұрыс, партиясын құрсында билікпен бірігіп елдің болашағы үшін жұмыс жасасын. Халықты екіге бөлмеңдер, бірақ. Себебі, Тоқаев мырзаға дауыс берген біздер де сол xалықтың бір бөлігіміз.

Гүлшат 11 Маусым, 2019

Менен кейінгі кандидатты немесе партияны 6-9 пайызға төмендетуге жол берілмейді. -деген дұрыс емес сияқты. Қанша адам жақтайды, сонша дауыс алады кандидаттар. Егер көрсетіген пайыздан төмен болмауы керек деу -әділ емес болады. Себебі көрсетілген пайызға жетпей қалуы да мүмкін ғой.